• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
01 Қазан, 2011

Энергетиканы дамыту – экономиканы нығайту

334 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің ұйымдастыруымен «Кейбір заңнамалық актілерге электр энергетикасы, табиғи монополиялармен реттелетін нарық субъектілерінің инвести­циялық қызметі мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы бойынша дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Парламенттің бесінші сес­сиясының ашылуында бізге 4 топ­тамадан тұратын заң шыға­ру­шылық тапсырма берген бола­тын. Соның бірінші тобында инвестициялық мүмкіндіктерді арттыратын салаға қатысты заң­дар жасап беруіміз тапсы­рыл­ған. Президент энергетиканы дамыту ел тәуелсіздігін бекемдеу екенін атап өткен еді. Сон­дықтан осы заң жобасы Мәжіліс қоржынына келіп түсіп, бүгінгі дөңгелек үстелде қаралып отыр. Ең маңызды шаруаның бірі электр қуаты мен инвес­ти­ция­лық саланы рынокта реттеу бо­лып табылады. Заң жобасының таныстырылымы өткізіліп, жұ­мыс тобының отырыстарында талқыланды. Оған депутаттар тарапынан 127 толықтыру түсті. Бүгін оны жан-жақты тағы бір талқылап, өндіруші мен тұтыну­шы талабынан шығатындай етіп жасауымыз керек, деді комитет төрағасы Сейітсұлтан Әйім­бетов. Заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі Валерий Доскалов дөңгелек үс­телді жүргізіп отырды. Дөңгелек үстелде күн тәрті­бінде қаралып жатқан тақы­рып­­қа байланысты Табиғи монопо­лия­ларды реттеу жөнін­дегі агент­тік төрағасы Нұрлан Алдабергенов пен Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақ­салиев баяндама жасады. Атал­ған заң жо­басының мақсаты электр станса­ларының инвес­ти­циялық қыз­метінің ашықты­ғын арттыру мен инвести­ция­лық міндеттемелері көлемі­нің тарифтік табыс дең­гейіне сәй­кестігін қамта­мас­ыз ету және Қазақстан экономи­касының электр энергиясы мен қуатына қажеттілігін қуат ры­ногын енгізу есебінен қамта­масыз ету болып табылатыны атап көр­сетілді. Заң жобасы 2010 жылғы 22 қаңтарда өткен кеңесте Мемлекет басшысы берген тапсыр­ма­ларды орындау үшін әзірленген, сонымен қатар, «Табиғи монополиялар мен реттелетін нарық­тар туралы» және «Электр энер­ге­тикасы туралы» заңдар мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске толықтырулар мен өзгерістер енгізуді көздейді. Дөңгелек үстелде «KEGOC» АҚ-тың материалдық-техника­лық қамтамасыз ету және жүйе­лік қызмет бойынша атқарушы директоры Валерий Ли, «Қазақ­станның индустрияны дамыту институты» АҚ электрэнер­ге­ти­касын дамыту орталығының ди­ректоры Әнуар Түкенов, «Энер­гопром» ғылыми-зерттеу инсти­туты» АҚ президенті Геннадий Андреев, USAID-тің электрэнер­гетикалық рыноктар бағдарла­масы бойынша кеңесшісі Беккер Майкл қосымша баяндамалар жасады. Заң жобасын талқылау қызу жүрді. Сәуле ДОСЖАНОВА, журналист.