• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
01 Қазан, 2011

Қырғызстандық әріптесімен кездесті

309 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Жәнібек Кәрібжанов «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан: Тәуелсіздікке – 20 жыл» деген тақырыптағы ха­лықаралық ғылыми-тәжірибелік конфе­рен­ция­ға қатысуға келген Қырғыз Рес­пуб­ли­касы Жогорку Кенеші Төрағасының орынбасары Асылбек Жээн­бе­ковпен кездесті. Әңгіме барысында парламентаралық өзара ын­­тымақ­тастықтың негізгі бағыттары жайында пікір алысылды. Сонымен бірге, тараптар қазан айында Қырғызстанда өтетін Қазақстан Республикасы Пар­ламенті Мәжілісі мен Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші арасындағы ынтымақтастық бой­ынша Парламентаралық комиссияның отырысына әзірлік жайында ақылдасты. Қырғызстан Пар­ла­ментінің вице-спикері қазақстандық парламентшілерді Қырғыз Республикасы тәуелсіздігінің 20 жыл­дығына арналған халықаралық конференция жұмысына қатысуға шақырды. Кездесуді қорыта келе, Ж.Кәрібжанов Қазақ­стан Рес­публи­касының Президенті Нұрсұлтан На­зарбаевтың канди­датурасын әлемдік «Нобель» сый­лығына ұсыну туралы Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші көтерген бастаманы Елбасының ядролық қарусыздану мен бейбітшілікті қалып­тастыру үдерісіне қосқан үлесін тану болып та­былатынын атап өтті.