• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
01 Қазан, 2011

Шағын және орта кәсіпкерлік – ел экономикасының құрамдасы

485 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы өзінің Қазақ­стан халқына Жолдауында 2020 жылға дейін ішкі жалпы өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін 40 пайызға дейін жеткізу туралы міндет жүктеген бо­ла­тын. Отандық бизнестің, әсіресе, ша­ғын және орта бизнестің хал-жағдай­ына жалпы еңбек рыногындағы жағдай не болмаса бюджеттің толығуы, сон­дай-ақ кең ауқымды мемлекеттік жос­парлардың орындалу тиімділігі де тікелей байланысты. Сол себепті бизнес-ахуалды жақсарту, кәсіпкерлер құқық­тарын қорғау, шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету мәсе­ле­лері үнемі «Нұр Отан» ХДП-ның бақы­лауында болады. Бизнес санатының қалыптасуында мем­лекеттік бағдарламалардың орны ер­ек­ше. Бұлардың ішінде Үдемелі ин­дуст­рия­лық-инновациялық даму бағдар­ла­ма­сы, «Би­з­н­естің жол картасы-2020», «Жұ­мыс­­пен қам­ту-2020», «Экспор­таушы-2020», «Өн­­імділік-2020» бағдар­ла­ма­лары бар. Кеше Өскемен қаласында өткізілген форум барысында «Нұр Отанның» бас­тамасымен әзірленіп жатқан шағын жә­не орта бизнесті жүйе құраушы кәсіп­ор­ын­дардың көмегімен дамытуға арнал­ған бағдарлама жобасының негізгі ережелері талқыланды. Құрал-жабдықтар, көлік құ­рас­тыру саласына арналған бөлшектер, құ­рылыс материалдары, эл­ектр техни­ка­сы, арнайы жұмыс киімдері және тағы басқа керек-жарақтардың барлығын ша­ғын және орта бизнес кәсіпорындарының өздері өндіруге қауқарлы. Алайда, біздің өндірістік ал­пау­ыттар өз тапсырыстарын беруді жөн көретін ірі шетелдік кәсіп­орындармен бәсекелесу олар үшін қи­ын­ға түседі. «Нұр Отан» ХДП Орталық аппа­раты басшысының орынбасары Рас­ұл Ораз­ғұловтың айтуынша, жаңа бағ­дарлама жергілікті өндірушілердің мүд­де­сіне қарай басымдықтарды қайта қа­рауға мүмкіндік береді. «Елбасымыз, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұл­тан Назарбаев 2016 жылға дейін жо­ға­ры да­мы­ған елдер қатарына кіру тура­лы ар­найы тапсырма берген болатын. Әрине, осы мақсатқа жету үшін қуатты кәсіп­кер­лік керек екені сөзсіз. Сон­дықтан, пар­тия­ның жаңа бағдарламасы аймақтарда ша­ғын және орта бизнесті дамытуға үлкен сер­пін береді деп ойлаймыз», деді Р.Оразғұлов. Партиялық бағдарлама талқылан­ған­нан кейін оны әзірлеушілер облыс­тың жетекші кәсіпорындарының әлеуе­ті­мен, кәсіпкерлердің бизнес-баста­ма­ларымен танысты. Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпкерліктің дамуы үшін бәрін жасап жатқаны атап көрсетілді. Сондықтан да, кәсіпкерлер өз аймақ­та­рын дамытуға көмектесуіміз қажет деп есептейді. «Егемен-ақпарат».