• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
ЭКСПО-2017 16 Маусым, 2017

ЭКСПО көрмесіне Зырян ауданынан 5 мың адам барады

132 рет
көрсетілді

Төрткүл дүниенің назарындағы ЭКСПО көрмесін Зырян ауданынан ең әуелі спортшылар мен мемлекеттік қызметшілер, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары тамашалайтын болады.

«Біздің тобымызда 32 адам бар. ЭКСПО еліміз үшін ғана емес, бүкіл әлем жұртшылығы үшін маңызы үлкен шара. 17 маусымда ауданымыздан мұғалімдер бастаған 59 адам жолға шығады. Осылайша әр апта сайын, яғни қыркүйек айына дейін оқушыларды, студенттер мен кәсіпорын қызметкерлерін Елордаға жіберіп отырамыз. Жалпы алғанда, ауданымыздан ЭКСПО көрмесін тамашалауға 5 мың адамды жіберу жоспарымызда бар», - дейді аудан әкімінің орынбасары Сергей Охременко.

Халықаралық маңызды шараға аттанған зыряндықтарды шығарып салу рәсіміне аудан әкімі Нұржан Тоқсейітов те арнайы қатысып, сәттілік тіледі.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы,

Зырян ауданы.