• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 16 Маусым, 2017

«Алтынемел» мен Қаратау қорығы ЮНЕСКО-ның тізіміне енді

932 рет
көрсетілді

12-15 маусым аралығында ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде «Адам және биосфера» бағдарламасы халықаралық үйлестіру кеңесінің кезекті сессиясы өтіп, онда ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік тізіміне  23 жаңа биосфералық қорықты енгізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды БҰҰ жаңалықтар орталығы.

ЮНЕСКО-ның желісін толықтырған нысандар қатарында Қазақстандағы «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық саябағы мен Қаратау биосфералық қорығы, Ресей мен Қазақстандағы «Үлкен Алтай» биосфералық қорығы, сондай-ақ Ресейдің «Хакасский», «Кизлярский залив» және «Метсола» қорықтары бар.

Айта кетейік, «Үлкен Алтай» биосфералық қорығына Ресей Федерациясындағы Катун биосфералық қорығы мен Қазақстандағы Қатонқарағай биосфералық қорығы жатады.

«Үлкен Алтай» қорығының жалпы аумағы 1,5 млн гектардан асады. Биосфералық қорықтар - биоәртүрлілікті зерттеуге арналған «тірі зертханалар» мен табиғи ресурстарды кешенді басқару үшін түрлі тәсілдемелерді сынау алаңы саналатын аймақ. Қазіргі таңда дүниежүзілік биосфералық қорықтар желісінде 120 елде орналасқан 700 нысан бар.