• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
01 Қазан, 2011

Мұғалім мұраты – ұрпақ қуаты

362 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы «Келешекте мұғалім мамандығы ерекше сұранысқа ие болып, еңбекақысы жоғары болмақ» десе, биыл сол сөз орындалды деуге негіз бар. Үстіміздегі жылғы шілдеде мұғалімдердің еңбекақысы 30 пайызға өссе, 1 қыркүйектен жоғары категориялары бар мұғалімдер үшін лауазымдық жалақысына 100 пайыз көлемінде үстеме қосылды. Оған 5,3 миллиард теңге бөлінгені мәлім. Осы жылғы жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын  2,5 миллионнан астам оқушы  аттаса, оларға қазір 279 400 мұғалім сабақ береді. Олардың 120 мыңы биыл қайта дайындықтан өткен. Ұлт руханиятының жанашыры, толқын-толқын ұрпаққа білім беріп, тәрбие үйретіп жүрген ұстаздарымызды айтулы мерекесімен құттықтап, бүгін олар туралы топтама мақалаларды ұсынып отырмыз. ---------------------------------------------- Жақсылық ҮШКЕМПІРОВ, Олимпиада чемпионы: – Келе жатқан ұстаздар күні бәрімізге ортақ. Бәріміз ұла­ғат­ты ұстаздарымыз ар­қылы азамат болдық, алты алаштың атын бүкіл дүние жүзіне та­ныттық.

Асанәлі

ӘШІМОВ,

Қазақстанның

халық әртісі:

– Мен 1944 жылы 1-сы­нып­қа бардым. Алаш деген апайым болды. Тамаша кісі еді... Ал мектеп бас­шы­сының темірдей тәр­ті­бі бізді сал­мақ­тылыққа, тәртіп пен әдепке үйретті. Міне, сол екі адамға өмірбақи қа­рыздармын.   Ермахан ЫбырайЫМОВ, Олимпиада чемпионы: – Біз балалық шағымыздан ұс­таздардың тәрбиесінде бол­дық. Мен мектеп-интернатта өстім, сон­дықтан, ұстаз – мен үшін бі­ріншіден, тәр­бие­шім, өмірлік жол­ға бағыттаған адам. Мені бокс­қа ең алғаш алып келген де ұстазым еді. __________________________

КӘСІБИ МЕРЕКЕНІҢ МЕРЕЙІН ӨСІРДІ

«Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да ұстаз өсі­реді. Өмірге ұрпақ берген ана­ларды қалай ардақтасақ, сол ұр­пақты тәрбиелейтін ұстаздар­ды да солай ардақтауға міндеттіміз”, деген Бауыржан Момыш­ұлының қанатты сөзі мұғалім мерейін өсіріп, абыройын арт­ты­рары анық. Сол абзал жан­дар­дың биылғы ме­рекесіне ар­нал­ған алқалы жи­ын елордада өтті. Оған еліміздің барлық ай­ма­ғынан 300-ден аса ұстаз қа­тысты. Онда Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұ­мағұлов Елбасы Нұрсұлтан На­зарбаев­тың арнайы құттықтауын оқып берді. Онда «Қазіргі заманда білім деңгейі жоғары ұлт қана жа­һандану талаптарына жауап бере алады. Сондықтан білім са­ла­сы – елдің ертеңін айқындай­тын, оның бә­секелестік қабіле­ті­не ықпал ете­­­тін аса маңызы сала. Биыл еліміз өз Тәуел­сіз­дігінің 20 жыл­дығын атап өтеді. Біз осы жыл­­дарда заман тала­бына сай білім берудің жаңа жүйесін құрдық»  делінген. Ал министр бұл шын мә­нін­де барша халыққа ортақ мереке екенін айтып, Тәуелсіз­дік­тің 20 жылдығында ұстаз еңбе­гін ерекше бағалап, атап өтуді заңдылық деп білемін. Егемен­діктің ал­ғашқы жылдары өте қиын кезең болатын. Ұлт көш­басшысы – Тұңғыш Пре­зиден­ті­­міз Н.Ә.На­зарбаевтың бас­шы­­лы­­ғы­мен еліміз аяғынан тік тұр­ып, қар­қын­ды даму жолына түс­­ті, дей келіп, Елбасының «Кез келген ау­ылда мұғалім ең құрметті, ең зиялы адам болған. Біз ұстаз­дың осы мәртебесін көтеретін бола­мыз. Мен мұғалімде­ріміз­дің лай­ықты өмір сүргенін қа­лай­мын» деген сөзін дәйекке келтірді. Со­нымен бірге, мұғ­а­лім өт­кен мен бүгінді жалғай­тын ал­тын арқау, келешекке жөн сілтейтін шамшы­рақ екенін тілге тиек етіп, олар­дың алаң­сыз шы­ғармашылықпен ай­на­лы­суына, еңбек етуіне мемлекет барлық жағдайды жасап отыр­ғанын алға тартты. Білім беруді дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарла­ма­сында педагог мәрте­бе­сін көт­е­руге арналған арнайы бө­лімнің бар екенін назарға салды. Жиын соңында білім-білігімен көзге түскен, ұрпақ тәрбие­сін­дегі еңбегі ескерілген бір топ ұстаздарға «Қазақстан Респуб­ли­касының білім беру ісінің құр­метті қызметкері», «Ы.Ал­тын­сарин» төсбелгілері және минис­трліктің Құрмет грамота­лары тап­сырылды. Олардың қа­та­рын­да Қызылорда облысынан келген Л.Микеева, Шығыс Қа­зақ­стан облысынан Б.Нұриева, Ал­ма­ты облысынан Б.Әділов, алма­ты­лық Ю.Довгаль, Павлодар об­лы­сы­нан Д.Тайгулин, Ақ­мо­ла облы­сы­нан Ә.Тәкетов және та­ғы бас­қалар бар. Олар соңғы бір жыл ішінде пән мұға­лім­дерінің, ұс­таз­дардың басқосу­ла­ры жиі өтіп жатқанын, бұл өз­деріне жасалған зор қам­қор­лық екенін айтып, дән риза­лық­тарын білдіріп тарасты. Сүлеймен МӘМЕТ.