• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
01 Қазан, 2011

Көрмес түйені де көрмес

1115 рет
көрсетілді

Биылғы көктемгі су тасқы­ны­нан зардап шеккен батыс­қа­зақ­стандықтардың алды жаңа үй­лерге қоныстана бастады. Бірақ, атам қазақ «Көрмес түйені де көрмес» демейтін бе еді. Об­лыстағы оң істерді көргісі келмейтін, оны жоққа шығарып, өз­деріне арзан саяси бедел жи­на­ғысы келетіндер де табылып жа­тыр. Су тасқынынан тоғыз мың адам зардап шекті. Осыншама көп адамның ішінен арнайы комиссия шешімімен келіспей, «Маған жаңа үй керек немесе шығынымды дұрыс есептемеді» деп Орал қалалық сотына ша­ғым­данғандар жоқ емес. Олар – эвакуацияланған 9 мыңға жуық халықтың ішіндегі алты-ақ адам. 12 сәуірде су тасыса, одан бұ­рын, 6-сы күні облысымызда тө­тенше жағдай жарияланып, ал­дын ала жүргізілген жұмыстардың арқасында мыңдаған адам тілсіз жаудан аман қалды. Осыны кейбіреулер білмейді емес, біледі. Бірақ ... Биылғы көктемгі су тасқы­нын­да көптеген тұрғын үй, ин­женерлік-коммуникациялық желілер зардап шекті. Мемлекет бас­шы­сының тапсырмасымен Үкімет 17 миллиард теңгеден астам қар­жы бөліп, сол қаржы есебінен бүлінген жолдар қалпына келтіріліп немесе жөнделуде. Қарғыннан зардап шегіп, үй-күйсіз қалған тұрғындар үшін ең маңыздысы баспана мәселесі екені даусыз. Соған орай, ә дегеннен облыста 18 комиссия құрылды. Олар әлі күнге жұмыс істеуде. – Бірінші кезекте су тасқыны салдарын, оның шығынын анық­тау­ға арнайы осындай қызметпен айналысуға заңды құқығы бар мекемелер тартылды. Сол мекемелер кімнің үйі жарамды-жарам­сызын анықтап, актілер жасады. Оған әкімдіктердің ешқандай қа­тысы болған жоқ. Облыс бойын­ша тұрғын үйлерді күрделі жөн­деу жұмыстарына 800 миллион теңге бөлініп, оның 298 миллион теңгесі қала аумағын­дағы үйлерді күрделі жөндеуге бөлінді. Соның 240 миллион тең­гесі тұрғындар­дың есеп-шот­тары­на аударылып, олар бұл қаржыға үй-жайына күрделі жөндеу жүр­гізуге кірісті. Ал ағымдағы жөн­деу жұмыс­тарына қаржы қарал­ма­ған және қаралмайды да, – деді Орал қаласының әкімі Самиғолла Оразов журналистерге берген сұх­батында. Қазір қаланың бесінші шағын ауданындағы тоғыз қабатты 240 пәтерлік тұрғын үй тұрғындарды қабылдауға әзір тұр. 90 пәтерлік үш үйдің құрылысы аяқталып қалған, енді қазан айының екінші жарты­сында өз иелерін таппақ. Тасқын­нан зардап шеккендер қа­зан айы­ның екінші жартысында қо­ныс то­йын тойлайды деп кү­тіл­у­де. Бүгін­де жаңа үйдің төменгі қа­баттары мүгедектерге, ауру-сыр­қаулы аза­мат­тарға беріледі. Өзге пәтерлер жеребе тастау бойынша бөлінбек. – Көңілі толмайтын кісі қа­шанда табылады. Үйі ағымдағы жөндеуге жатқызылған адам күр­делі жөндеу жасатқысы келеді, ал үйіне күрделі жөндеу жасататын тұрғын пәтер алғысы келеді. Су тасқынынан зардап шеккендерге пәтерлер әдеттегі­дей отбасы санына, балалардың жынысына қарай бөлінбейді. Мұндағы басты өлшем су шай­ған үйдің шаршы метрі, көмек соған сәйкес беріледі. Мысалға, тұрғынның 30 шар­шы метрлік үйі болған болса, соған сәйкес бір бөлмелі пәтер алады. Ол дегеніңіз 42 шаршы метрлік пәтер, одан шағыны жоқ. Сотқа шағымданушылардың бірі Мусин деген азамат біреудің сая­жайын жалдап тұрған. Қалада 8,5 мың адам үй кезегінде тұр. Олар да қалада пәтер жалдап тұрады. Пәтер жалдаушыларға үй беруге ешқандай негіз жоқ, – деді Самиғолла Оразов. Оның айтуын­ша, үйге қатысты түйт­кілді мәсе­ле­лерді шешуге қа­тыс­ты арнайы құ­рылған 18 ко­мис­сияға тұрғын­дар­дан 92 арыз тү­сіп, комиссия мүше­лері сол арыз иелерінің тұрғын-жайын қайта қарап, тиісті шешім қа­был­даған. Бұл комиссия алдағы жылы да жұмысын жал­ғастырады. Бұдан кейін қаладағы орталық эвакқосынды паналаған бір топ тұрғынға жолықтық. Өзін Мақсот Қажиақпаровпын деп таныс­тыр­ған ақсақал Елбасыға, облыс, қала басшылығына деген алғы­сын жаудырып, кемсеңдеп жылап жіберді. – 2006 жылы «Зенит» сая­жайынан келіп, Жалпақтал ауы­лынан 67 шаршы метрлік тұрғын үй салып алғанмын. Соған сәй­кес, жанға жәйлі пәтер алатын бол­­дым. Қуаныштан жылап жа­тыр­мын, айналайын, қырық жыл жыл­қы бақтым, бүгінде аурулы­мын. Қазір қызымның қолында төрт жан тұрамыз. Далаға тастамай, үй салып берген еліме рахмет. – 12 сәуірде телеорта­лық маңындағы саяжайлық аумақта бейнеттеніп салған көлемі 95 шаршы метрлік үйіміз суға кетті. Басында №8 мектептегі эвакқо­сынды паналадық, содан кейін осы орталыққа келдік. Ыстық та­мақ, жылы орын, барлық жа­ғ­дайымыз жасалған. Құжатымыз түгел, соған сәйкес жаңа пәтер алатын болдым. Атқамінер аза­мат­тарға зор рахмет! – деді көп балалы ана Сәуле Алтаева. Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан», Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА, журналист. Орал.