Өткен аптада екі ел үшін маңызы зор «Қазақстан – Сібір» халықаралық көрмесі мәреге жетті. Оған облыс әкімдігі, еліміздің Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі қолдау көрсетті. Түрлі тақырыпта дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Бір алаңда екі елдің 300-ге жуық кәсіпорны кездесті. Көрме мәшине жасау, жылу- энергетикалық кешен, мұнай-химия, агроөнеркәсіп кешені, қолданбалы өнер, құрылыс, басқа да салаларды қамтыды.
Облыс орталығында инновациялық технопарк құру туралы бастама айтылды. Өзен порты байланысы, шекаралық аудандарға алып баратын ұшақ қызметін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Ресейлік қонақтар облыс орталығындағы кәсіпорындарды аралап көрді. Көрме соңында Павлодар облысы мен Том облысы және Алтай өлкесінің өнімдері үздік деп танылды.
Фарида БЫҚАЙ,
Павлодар облысы.