Бірақ «орнында бар оңалар» деген дейін өткен ғасырдың 50-ші жылдарының ортасынан бастап, ертеректе Қытай еліне босқан қазақтар біртіндеп атажұртына орала бастады. Оларды соғыстың салдарынан қирап қалған ел экономикасын көтеру үшін жұмыс күші ретінде еңбекке тарту көзделді. Дәл осы оқиғамен қарайлас 60-жылдары Қытайда «Мәдени төңкеріс» атты саяси науқан жүргізілді де, Шынжаң өлкесінде өмір сүріп жатқан қазақтардың шаруашылығына зор нұқсан тигізді. Көрші елдегі экономикалық толқудың барысын қадағалап отырған Кеңес Одағы қазақтарды қайтарып алу үшін 1962 жылы сәуір айының 15-30 аралығында 15 күн бойы шекараны бірнеше жерден ашып тастады. Осы аралықта Бақты шекара бекеті маңынан 150 мың адам, Жәркент және Күзуін заставасы маңынан 50 мың адам, ресми құжатта көрсетілгендей барлығы – 200 мың қазақ шекара асып, атамекенге оралды. Бұл көш – ұлт тарихындағы теңдессіз оқиға ретінде бағалануы тиіс. Өйткені, бұл қазақтар – бейбіт күнгі ел экономикасының өрлеуіне, дәстүрлі этномәдениеттің үзілмеуіне, әсіресе, демографиялық өсім мен тілдің, қолданбалы өнер мен ұлттық музыка жанрының өркендеуіне орасан зор үлес қосты. Демографтардың мәліметіне сүйенсек, осы жылдары шекара асқан елдің ұрпағы қазір 2 млн-ға өскен. Және қандай ұрпақ, уызға жарыған ұлағатты ұрпақ. Бүгінгі таңда ел мәдениеті мен экономикасының әр саласында түрен салып жүрген 60-жылдары «қытай асып келген шалдардың» тұқым-тұяғы қазір мық шегедей мығым қауымға айналды. Елге ел қосылса – құт деген осы емес пе?! Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан кейін елімізге «екінші құт» оралды. Яғни, 1991 жылы 16 желтоқсанда республика өзінің тәуелсіздігін жарияласа, арада 24 күн өткенде ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы 10 қаңтар күні дүниежүзі қазақтарына «Отанға оралыңдар!» деп үндеу тастады. Сөйтіп, екінші құт – көш басталды. Содан бері туған топырағына шетелден жүз мыңдаған қазақ оралды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің бас маманы Марат Тоқсанбаевтың бізге берген мәліметіне жүгінсек, 1991 жылдан бастап 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстанға шетелден 261 104 отбасы, 957 772 қазақ оралған екен. Ал биылғы 2017 жылдың алғашқы тоқсанында елімізге сырттан 2601 отбасы, 4860 қазақ азаматы қоныстаныпты. Бұлардың дені, яғни 60 пайыздан астамы өзбекстандық қандастарымыз. Атажұртқа оралған бауырларымыздың арасында Қырғыз Ұлттық ғылым академиясының академигі, ғалым-дәрігер Сейітхан Жошыбаев, еліміз Елтаңбасының авторы, профессор Жандарбек Мәлібеков, еліміз бойынша маңдайалды теолог-ғалым Әшірбек Мүмінов, түрколог-ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы бастаған 77 ғылым докторы мен 223 ғылым кандидаттары бар. Бұған егін һәм мал шаруашылығын игеруге бейім, әрі сауда-саттық, кіші кәсіпкерлікпен айналысуға қабілетті, электронды құрал-бұйымдарын пайдалану арқылы жаңа заман технологиясын шебер меңгерген қытайлық қазақтарды қосып қойыңыз. Ресми емес домалақ есеп бойынша қазіргі күні 5 млн-нан астам қазақ шетелде жүр. Осы қандастарымыз түп қопарылып көшіп келер болса Қазақстанға, соның ішінде қазақ руханиятына аса қуатты толқын қосылар еді. Сөзімізді түйіндеп айтар болсақ, Қазақстанның жер асты, жер үсті байлығы – көмірі мен теміріне, мұнайы мен газына, түсті металдарына, электр энергиясына, бидайы мен астығына шетелден инвестор тарта аламыз. Олар еліміздің экономикалық қан-тамырына қаржы құйып әл-ауқатымызды сақайтады. Бірақ бұл инвесторлар мың жерден бай болса да, қазақтың ұлттық дәстүр-салтын дамытуға, тілін көркейтуге, рухани болмысының жаңғыруына ешқандай инвестиция салмайды. Өйткені, олар да экономикалық көзқарастан басқа мүдде жоқ. Қазақ халқы үшін ұлтқа күш-қуат беретін, тілің мен діліңді дамытатын жалғыз инвестор бар. Олар – шетелдегі қандастарымыз. Әлемде сырттан ұлттық тұрғыдан күш-қуат алатын халық әзірге жалғыз қазақ. Ендеше, біздің ұлттық қуатымыздың көзі – қандастарымыз аман болсын!
•
21 Маусым, 2017
Ұлт рухының инвесторы
345 рет
көрсетілді
Атамыз қазақ «Елге ел қосылса – құт, елден ел айырылса – жұт» деп бекер айтпаған екен. Қазақ ұлты өткен ғасырларда талай жұтты бастан кешірді. Демограф ғалым Мақаш Тәтімов 1994 жылы жарық көрген «Демографиялық кескін» атты жазбасында: әрқилы саяси-экономикалық қыспақтың кесірінен – өлгені бар, шекарадан тыс жерге босып кеткені бар, соңғы үш ғасырда қазақ халқының 6 млн 600 мың адамға кемігені жайлы деректі көлденең тартады.