Қоғамның дертіне айналған жемқорлықтың алдын алу туралы аз айтылып жүрген жоқ. Нәтижесі де жаман емес. Жалпы, жұртшылықтың қатысуымен қоғамды тазарту мақсатындағы маңызды шаралар қатарында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы облыстық филиалы мен Суретшілер одағының өңірдегі филиалы ұйымдастырған «Сенің «жемқорлық жоқ!» дегенің маңызды» атты республикалық плакаттар байқауының іріктеу туры өтті.
Байқауда қылқалам шеберлері мен мектеп оқушылары белсенділік танытып, аталған тақырыпты ашуға шығармашылықпен ден қойды. Өңірдегі 25 автордың туындысын байыпты сараптау барысында Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Абай Нұрғазыұлы бірінші, қапшағайлық Ержан Нұрпейісов екінші, талдықорғандық Алина Қарабалаева үшінші орындарды иеленіп, бағалы сыйлықтар алды. Жеңімпаздар туындысы Астанада өтетін байқауға қатыстырылатын болды.
Күмісжан БАЙЖАН,
Алматы облысы.