• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Маусым, 2017

Үкімет танымал қазақтардың электронды базасын жасайды

140 рет
көрсетілді

Бүгін Астанада Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке танымал қазақтардың электронды базасын жасауды тапсырды.

Елбасының айтуынша, бұл ұлтты біріктіруге көмегін тигізе алады. 

"Қазақстан басқа мемлекеттерде тұрса да, өзінің өнерімен, білімімен қазақтардың атын шығарған адамдарды, талантты тұлғаларды білуі керек. Мен Үкіметке танымал қазақтардың электронды базасын жасауды тапсырамын. Бұл тарихи отанында тұрмайтын қазақтарға жол ашады. Қоғамдық сананың жаңғыруы - қазақтардың жаңғыруы. Бұл барлық қазақтардың бірлігі. Басты мәселе осында. Ал оған тек Қазақстандағы ынтымақ пен бірліктің арқасында қол жеткізуге болады", деді Елбасы.

Құрылтайда сөз сөйлеген Президент 1991 жылы Тәуелсіздігіміз жариялаған кезде қазақтар Қазақстан халқының тек 40 пайыз үлесін құрағанын еске алды. "Мен сайланғанда қанша пайыз дауыс жинайтынымызды ойлауға да қорықтық. Қазір қазақтардың үлесі 70 пайыздан асады. Құдайға шүкір, осы жылдары біз Қазақстан халқының санын сақтап қалдық. Жыл сайын елімізде 400 мыңнан аса бала дүниеге келеді. Мен 1 шілдеде Қазақстан халқының саны 18 миллион болатынын мәлімдеймін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Естеріңізге сала кетсек, дәл қазір Астанада Дүниежүзі қазақтарының бесінші құрылтайы өтуде. Оған 750-ден астам делегат келді. Оның ішінде әлемнің 39 елінен 350 делегат қатысуда.

Гүлнұр Қуанышбекқызы,

"Егемен Қазақстан"

Суретті түсірген Ерлан Омаров,

"Егемен Қазақстан"