Биылғы әлем чемпионаты таэквондо спортының өзгертілген ережесінен кейінгі өткізгелі тұрған алғашқы турнир болмақ. Әлем біріншілігіне 170 елден келген 1000-нан аса спортшы бақтарын сынамақ. Олардың ішінде таэквондодан Қазақстан Ұлттық құрамасының мүшелері де бар.
Әлем чемпионатына қатысатын таэквондошылардың тізімі төмендегідей:
Ерлер:
1. Сапарғали Әбдірашев (54 кг)
2. Алмас Мұқамыров (58 кг)
3. Әлімжан Серікбаев (63 кг)
4. Ерасыл Қайырбек (68 кг)
5. Қайрат Сарымсақов (74 кг)
6. Нұрлан Мырзабаев (80 кг)
7. Смайыл Дүйсебай (87 кг)
8. Руслан Жапаров (+87 кг)
Әйелдер
1. Анаргүл Сабыр (46 кг)
2. Айнұр Есбергенова (49 кг)
3. Жазира Сапарбек (53 кг)
4. Лаура Райымқұл (57 кг)
5. Гүлім Бибалаева (62 кг)
6. Фируза Ергешова (67 кг)
7. Дениз Жансель (73 кг)
8. Мереке Жүнісова (+73 кг)
Бас бапкер - Ю Енг Джин, аға бапкер - Батырбек Есдәулетов.