• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Маусым, 2017

«KAZ Minerals» Ана мен бала орталығына жаңа жабдықтар сыйлады

201 рет
көрсетілді

«KAZ Minerals» тобының «Шығыстүстімет» ЖШС-і Өскемендегі Ана мен бала орталығына педиатриядағы қатаң бронхоскопия жасауға арналған жаңа жабдықтарды тарту етті. 30 құралдан тұратын жиынтықты жабдықтардың құны – 8 млн теңге.

Бұған дейін компания аудандық және қалалық ауруханаларға медициналық жабдықтарды сатып алу үшін 311 млн теңге бөлген-ді. Бұл қаражат өңірдің 13 медициналық мекемесіне берілген болатын. Соңғы бес жылда компания Шығыс Қазақстандағы түрлі әлеуметтік нысандардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарына 6,6 млрд теңгеден астам қаражатын жұмсаған көрінеді. Топтың қаржыландыруы арқасында Өскемен қаласындағы «Восток» стадионы, Семей қаласындағы «Спартак» стадионы жөнделіп, Жезкент кентіндегі Мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті. Облыс орталығында екі хоккей модулі, Жекпе-жек сарайы, Спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат, Мемлекеттік нышандар кешені салынды. Семей қаласындағы спорт-интернатының жатын ғимараты мен спорт мектебі жанындағы күрес залының қосымша ғимараты бой көтерді. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы ортопедиялық және травматологиялық операцияларға арналған жабдықтармен қамтамасыз етілді. Компания Республикалық гематология орталығының құрылысын да қаржыландыруда.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН