Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды primeminister.kz
Отырыс барысында елдегі инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту, шетелдік инвесторларға бизнес жүргізу қауіптерін төмендету, бизнесті қайта реттеу бойынша жүйелік шараларды қабылдауға қатысты мәселелер талқыланды.