Турнир алдында ұйымдастырушылар жеребеге сәйкес командаларды төрт топқа бөлді. Топтық кезеңнің нәтижесі бойынша сегіз ұжым плей-офф сынына жолдама алды.
«Егемен Қазақстан» командасы финалдық кездесуде «Қазақ радиосын» 2:1 есебімен ұтып, турнир жеңімпазы атанды. Ал «Хабар» командасы «Елорда Ақпарат» тілшілерінен 4:0 есебімен басым түсіп, үздік үштікті қорытындылады.
Ұйымдастырушылар сондай-ақ, жеңімпаз командалардан бөлек ерекше ойынымен көзге түскен ойыншыларды да марапаттады. «Елорда Ақпарат» сапынан Қуандық Әлімжанов «үздік қақпашы» атағына ие болса, «KazSport» ойыншысы Ермек Төрениязов «үздік қорғаушы» атанды. Сонымен қатар, турнирдің «үздік ойыншысы» «Жеңіс» футболшысы Марғұлан Ибраевқа бұйырды.