• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Маусым, 2017

Теңізде үш күн арпалысты

241 рет
көрсетілді

«Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі» деген рас екен. Ауызашардан соң теңізге дем алуға барған 25 жастағы Абылай Сүлейменов өмір мен өлім айқасқан қиын жағдайға душар боламын деп ойламағаны анық. Көліктің камерасын құрал етіп суға түскен жігітті толқын жағадан алыс алып кетеді. Қатты қорыққан жолдастары түні бойы Абылайдың ата-анасына хабар бере алмай, шарқ ұрады. Таңертең ғана хабарды естіген ағайындары мен құтқарушылар Абылайды іздеудің қамына кіріседі. Суға қайық түсіріліп, тікұшақ теңіз үстін шо­луға шыққанмен, түк таппайды.

18 маусым күні түнде теңізге кеткен Абылай 22 маусым күні Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізіледі. Алғашында жансақтау бөліміне түскен жігіттің денсаулығы қазір жақсы, алдағы аптада үйіне қайтуға дайындалып жатыр. Дәрігерлер жігітте гипотермия, яғни дене қызуының 32 градусқа дейін төмендеп кеткендігін, тамақ ішпегендіктен әлсірегендігін айтады.  – Суда жүзіп жүріп тікұшақты, кемені көріп айқайладым, бірақ олар, әрине, менің дауысымды естіген жоқ. Төртінші күні  кемені көріп, Құдайдан тілек еттім. Кемеге жету үшін  қанша жүздім, есімде жоқ. Есімді кеме ішінде жыйдым, – дейді Абылай.  Ирандық кемеге тап болған оны кемедегілер су беріп, құрғақ киім кигі­зіп, өз-өзіне келген соң небары 40 минут ішінде  қазақстандық теңізшілерге тапсырған. Жағалауға келген бойда «Жедел жәрдем» шақыртып, дереу ауруханаға жеткізілген. 

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» 

Маңғыстау облысы