• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
04 Қазан, 2011

Ел дәулеті еселене түседі

319 рет
көрсетілді

Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев облыстық мәслихат депутаттары алдында есеп берді Мұнайлы Атыраудың дәулеті жыл сайын артып келеді. Мә­се­лен, биылғы 8 айда 2 триллион 762 миллиард теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілген. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев облыстық мәслихат де­путаттарының алдында есеп беруінде мәлім етті. Оның ай­туын­ша, тәуелсіздік таңы атқалы бергі 20 жылда мұнайлы өңірде өндірілген өнім көлемі 2,8 триллион теңгеге дейін, немесе 600 есеге өскен. Бұл – ел дәулеті еселенгенінің айқын дәлелі. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейлі жылында өңір эконо­ми­касы өркен жайды. Нақты дерекке сүйенер болсақ, жыл басынан бергі 8 айда нақты секторға 700 миллиард теңге инвестиция са­лы­ныпты. Бұл қаржы экономи­ка­ның барлық дерлік саласындағы өркенді істердің кең қанат жаюы­на серпін бергені даусыз. Соның нақты мысалы ретінде осы кезеңде 4 индустриялық іргелі жоба іске асырылып, оларда 233 жаңа жұмыс орны құрылған. «Жыл аяғына дейін жалпы құны 17 миллиард теңгелік 10 инвес­ти­циялық жобаны іске асыру аяқ­талады. Бұл өңірде тағы да 1800 жаңа жұмыс орнын ашуға мол мүмкіндік беріп қана қой­май, ел дәулетінің еселенуіне де оң ықпал етеді», деді өңір бас­шысы Бергей Рысқалиев. Атырау бұрыннан инвес­ти­ция­лық аймаққа айналғаны жа­сы­рын емес. Бұрын мұнда шетелдік және отандық инвес­ти­ция­ның басым бөлігі алдымен мұнай-газ секторына, кен өндіру, өңдеу өнеркәсібіне бағытталса, енді соңғы жылдары өзге машина жасау өндірісі, медицина секілді салаларға құйыла бастады. Мәселен, биыл Атырауда «Флоу­серв-Қазақстан» серіктестігінің сорғы жабдықтарын жөндейтін сервис орталығы ашылды. Жо­ба­ға салынған инвестициялық қар­жы­ның 2,5 млрд. теңгесі ағым­да­ғы жылдың бірінші жарты­жыл­дығында игерілген. Орталықта өнеркәсіптің әртүрлі салалары үшін насостар мен арматураларға жедел қызмет көрсетуге және жөн­деу жұмыстарына қажетті жаб­дықтар орналасқан. Мұнда тік және көлбеу түрдегі насостар мен тұрғын үй-коммуналдық ша­руа­шылығына қызмет көрсету үшін жағдай жасалынған. Жоба­ны қаржыландырған «Флоусерв» корпорациясы әлемнің 56 елінде жұмыс істейді. Өткен жылдан бері «Брандо» серіктестігінің зауытында бір рет­тік шприц шығарылып келеді. Бұған отандық кәсіпкер инвестиция салды. Сол кәсіпкер жігіт енді Атыраудан медицинада күнде­лік­ті қолданылатын бір реттік қол­ғап, науқасқа сұйықтық құюға арналған система шығаратын зау­ыт­тар ашуды қолға алды. Бұларға да қомақты инвестиция салын­ға­лы отыр. Демек, кәсіпкерлер бір күндік пайдадан гөрі, қайтарымы ұзақ жылдан соң біліне бастай­тын жобаларды қаржыландыруға ынта танытуда. Кәсіпкерлік демекші, бұл күн­де­рі аталған салада 25 мыңнан астам шағын және бизнес ны­сан­дары тіркеліпті. Жыл басынан бері кәсіпкерлер 276,5 миллиард тең­генің өнімін өндіріп, түрлі сервистік қызметтерін көрсете алды. Бұл саламен бірге білім беру, медицина, мәдениет пен спорт секілді елдің бәсекеге қабі­лет­ті­лігін арттыруға жол ашатын ма­ңыз­ды салаларда да серпіліс бай­қа­лады. – Өңірде қолға алынған жо­ба­лардың барлығы мерзімінде іске асырылады. Ал Сағыз – Миялы бағытындағы жол, КОС құры­лы­сы, сумен жабдықтау бағытын­дағы жобаларды белгіленген мерзімінен бұрын аяқтауды көздеп отырмыз. Өйткені, бұл халықтың күнделікті тұрмысы үшін аса маңызды, – деді облыс әкімі Бергей Рысқалиев облыстық мәсли­хат депутаттары алдында берген есебінде. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, Атырау облысы.