• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Маусым, 2017

Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы тағайындалды

535 рет
көрсетілді

Жамбыл облысы әкімінің 2017 жылғы «26» маусымдағы №237-ө өкімімен Құрманбекова Сұлушаш Сәтбекқызы Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Құрманбекова Сұлушаш Сәтбекқызы 1963 жылы туылған, білімі жоғары, 1985 жылы С.М.Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетін «тарихшы, тарих және қоғамтану пәндерінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы Жамбыл қаласында №10 кәсіптік-техникалық училищесінде қоғамтану пәнінің мұғалімі болып бастаған. 

1986-1996 жылдары Жамбыл қаласындағы Б.Момышұлы атындағы №45 орта мектебінде тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 1996-2010 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының жетекші маманы, бөлім басшысы, басқарма бастығының орынбасары, 2010 жылдан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.