• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Маусым, 2017

Павлодар Ораза Айт мерекесіне 18 қазан палау дайындалды

347 рет
көрсетілді

Облыс орталығындағы Мәшһүр Жүсіп атындағы орталық мешітінің ауласында қалалық «Ақмешіт», «Ғазиз», «Әбу Бәкір Сыддық», «Бижан», «Ар-Рахман» мешіттері бірлесіп Айт мерекесіне орай «Ораза Айт-берекелі мереке» атты мәдени-рухани- спорттық шаралар өткізуде. Айт мерекесіне қала тұрғындары, қонақта келуде. 

Алаңда құрылған киіз үй де келушілерді ыстық ықыласпен қарсы алуда. Өкіл имам барша жұртты Айт мерекесімен құттықтап:

 «Ардақты ағайын. Мінекей, мейірімі шексіз Алланың қалауымен қасиетті Рамазан айын өткердік, ұлық мереке – Ораза айтына да жеттік. Сіздерді шын жүректен осы бір ерекше күнмен құттықтаймын. Бұл иісі мұсылман жұрты үшін құрметті болған, қадірлі һәм қасиетті мейрам. Бүгінгі шара – сіздердің, халықтың осы мерекені шынайы, көңілді старт, викторина, өлең-сезініп, ықыласпен тойлатып, дүбірлетіп, мәз-мейрам, шат-шадыман күйде өткізсін деген ниетпен жасалып отыр. Мерекелеріңіз мүбәрак болғай,- деді. 

Ал, жастар арасына дәстүрлі қазақ күресі, арқан тарту, қол күрестіру, гир көтеру қатарлы ұйымдастырылса, жасөспірімдер мен балдырғандар арасына мешіт ұстаздары Құран жарысы, көңілді старт, викторина, өлең-тақпақтар мәнерлеп оқу, тоғызқұмалақ қатарлы әртүрлі ұлттық ойындар, ән-күй төгілді. Балаларға ойыншықтар, кітаптар тегін сыйға берілді. Бұл күні «Барыңмен бөліс!» қайырымдылық қызметі де демеушілер арқылы 30 отбасына азық-түлікпен, әртүрлі мұқтаждыққа тап болған 8 адамға ақшалай көмек көрсетіп, шалғайдағы екі ауылға халықтан жиналған киім-кешектерді машинамен жеткізіп те берді. Шара соңында мешіт ауласында 18 қазан палау, 5 мың литр минералды су және 5 мың бөлке ақ наннан жиналған қауым дәм татып,  «Ораза қабыл болсын!», «Айт құтты болсын!» деп бірін-бірі құттықтады. 

Фарида Бықай

«Егемен Қазақстан»

Павлодар.

Суретті түсірген Амантай Тойшыбай