Биыл Маралды тұзды көлінің жағалауы абаттандырыла бастады. Бүгінгі таңда жағалауда шағын пирс салынған. Сондай-ақ жағалауда демалушылардың қолайлылығы үшін 4 шатыр мен 100 жатақ орнатылып, жүруге қолайлы болу үшін ағаш жолдар салынған. Туристер үшін 100 адамға арналған тамақ ішетін орын ашылған, күмбез құрылысы жүргізілуде, оның астында дәмхана және би алаңы орналастырылмақ.
«Болашақта біз емдік-санаторий курортын ашуды жоспарлап отырмыз, онда сазбен емдейтін орындар, ванналар жұмыс істейтін болады. Жақын уақытта емдеу орнының құрылысы жобасын әзірлеуді бастамақпыз», - деп атап өтті әкімдікте.
Бүгінде әр демалыс сайын жағалауға 2 мың адам, қауырт кезеңдерде 2,2 мыңға дейін адам келеді.