• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Маусым, 2017

Лондонда тәртіпсіздік салдарынан алты полицей жапа шекті (видео)

116 рет
көрсетілді

Лондонда полицияның қатігездігіне қарсы наразылық акциялары өтті. Шерушілермен болған қақтығыс салдарынан алты тәртіп сақшысы жапа шекті, деп хабарлайды The Guardian басылымы.

Наразылық акциялары 25 жастағы қара нәсілді Эдир Да Костаның өліміне байланысты ұйымдастырылып отыр. 15 маусымда оның автокөлігін полиция қызметкерлері тоқтатып, тексеріс жүргізген. Алты күннен кейін Эдир Да Коста ауруханада көз жұмды.

Демонстранттар жас жігітті тұтқындау кезінде құқық қорғаушылар оны соққыға жыққанын алға тартады. Алайда, полиция қызметіне шағым қабылдау жөніндегі тәуелсіз комиссия алдын-ала деректер бойынша, Эдир Да Коста ешқандай жарақат алмағанын мәлімдеді.

Шерушілер мен тәртіп сақшылары арасындағы қақтығыс Стратфорд ауданындағы полиция бөлімшесі маңында басталды. Наразы топ ғимараттың алдын бөгеп тұрған құқық қорғаушыларға тас атқан.

Басылымның мәліметінше, қаза болған жігіттің туыстары наразылық акцияларына қатыспаған.