• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Маусым, 2017

Журналистер сайысқа түсті

173 рет
көрсетілді

Биыл жетісулық журналистер қасиетті ораза айтының алғашқы күнін спорттық мерекемен ұштастыра атап өтті. Журналистер күні қарсаңында Алматы облыстық Ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған «Zhetisu Cup» атты спартакиадада бас қосқан өңірлік БАҚ өкілдері спорттың бес түрі (футбол, волейбол, бильярд, арқан тарту, үстел теннисі) бойынша күш сынасты.

Салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен бұл шара бір күнге созылды. Алдымен мәреге жеткен бильярд. Бірінші орынды облыстық «Жетісу» арнасы алса, екінші орын – Қарасай аудандық «Заман жаршысы» газетінің тілшісіне бұйырды. Волейболдан қыздар арасында өткен жарыста Талғар аудандық «Талғар» газеті топ жарды. Екінші орынды «Жетісу» телеарнасының қыздары, үшінші жүлдені Райымбек аудандық «Хантәңірі» газеті иеленді. Арқан тарту бойынша облыстық «Жетісу» газеті қарсылас шыдатқан жоқ. Одан кейінгі тізімде Ұйғыр ауданы мен Көксу ауданының құрамалары. Үстел теннисінен өткен жарыста да «Жетісу» газеті топ жарды. Қалған екі жүлде Қарасай ауданының журналистеріне бұйырды.

Сайыстың көркін қыздырған басты спорт – футбол болды деуге болады. Әдеттегідей кіші футбол емес, ойынды үлкен алаңда өткізуді мақұл көрген ұйымдастырушылар шағын ұжымдардың қосылып, бір команда шығаруына мүмкіндік берді. Бұл да – жоғарыда айтқан әріптестік сыйластықты арттырудың бір жолы екен дестік. Футболшыларға ауа райы да қарайласқандай, тас төбеде шақырайып тұрған күн түс ауа бұлтқа кіріп, жуасып сала берді. Күн де күйдірмеген, жаңбыр да жаумаған қоңыр салқын алаңда өткен доп додасының бас кубогын «Жетісу» телеарнасы жеңіп алды. Ал, «Жетісу» газетінің жігіттері күміс, «Талғар» газетінің ойыншылары қоладан медаль тақты. Облыстық Ішкі саясат басқармасының төрағасы Рустам Алпысбаевтың айтуынша, БАҚ өкілдері мен Ішкі саясат арасындағы түсіністік, ауызбірлік өлкенің өсіп-өркендеуіне зор ықпал етеді. Сол себепті, журналистер мерекесіне орай өткен сайысқа ұйымдастырушылар тарапы да арнайы команда шығарды.

Алмас НҮСІП,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы