Астанада Иманбаев көшесі бойында жол қозғалысы толықтай шектелді, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.
«Иманбаев көшесінің Кенесары көшесінен Отырар көшесіне дейінгі бөлігінде жылу магистралін қайта жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 26 маусымнан бастап 26 шілде аралығы кезеңінде көлік қозғалысы толықтай шектеледі», - делінген хабарламада.
Елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолында кептеліске жол бермес үшін өз маршрутын алдын ала жоспарлау ұсынылады.