• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Парламент 27 Маусым, 2017

Келелі кездесулер өткізді

183 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Сыртқы істер және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Питер Сийяртомен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Қ.Тоқаев Мажарстанның «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысқаны үшін ризашылығын жеткізді және «жасыл технологиялар» саласында елдің тәжірибесі көрменің табысты өтуіне маңызды үлес қосатынына сенім білдірді. Сенат Төрағасы екі мемлекеттің заң шы­ғарушы органдары арасындағы ынтымақ­тастықтың жоғары деңгейде екенін атап өтті және алдағы уақытта да парламентаралық байланыстарды кеңейте түсуге үндеді. Кездесу барысында сауда-экономикалық жә­не гуманитарлық байланыс­тарды дамыту жайы, сондай-ақ, халықаралық күн тәрті­біндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Сол күні Қасым-Жомарт Тоқаев Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысы Рамиль Гасановты қабылдады. Төраға ұлттық спорт пен жастар аумағындағы ынтымақтастыққа арналған Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің алтыншы саммитіне дайындық туралы хабардар болды. Жуырда өтетін Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының кез­десуі бауырлас елдер арасындағы ынты­мақ­тастықты тереңдетуге серпін беретініне сенім білдірілді.

Қ.Тоқаев Р.Гасановқа Түркі кеңесінің Бас хат­шысы ретінде белсенді жұмыс атқарғаны үшін ал­ғысын білдірді. Кеңестің келесі Бас хат­шы­сы етіп қазақстандық өкілді сайлау жоспарланған.