Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Мажарстанның Сыртқы экономика және сыртқы істер министрі Петер Сийяртомен кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында сауда, экономика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, туризм және мұнай-газ салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, АХҚО аясындағы өзара іс-қимыл мен ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында 18 тамызда Мажарстанның ұлттық күнін атап өту мәселелері қаралды.