• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Маусым, 2017

Экономикадағы елеулі өзгерістер

354 рет
көрсетілді

Ұлттық экономика министрі Т.Сүлейменов халыққа есеп беру кездесуі барысында еліміздің ағымдағы жылғы 5 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы, сондай-ақ 2017 жылдың соңына дейінгі анағұрлым маңызды ағымдық және келешектегі міндеттерді жүзеге асыру барысы туралы баяндады.

«Ағымдағы жылы сыртқы ахуалдың жақ­саруы есебінен экономикалық белсен­діліктің және экономиканың нақты салалары көр­сет­кіштерінің жақсаруы байқалады. Алдын ала мәлі­меттер бойынша, 2017 жылғы 5 айдағы елдегі экономикалық өсім 4,1 пайызды құрады. Ағым­дағы жылы 5 айдағы инвестицияға салын­ған негізгі капитал 5,2 пайызға өсті», – деді министр.

 Тимур Сүлейменов министрлік ұлт­тық қордың жаңа тұжырымдамасын жүзе­ге асыруға кіріскенін тілге тиек етті. «Үш жылдық мерзімде Ұлттық қор­дың қаражатын пайдалануды оның ак­тивтерін тұрақтандыру үшін айтарлық­тай қысқарту жоспарлануда. Ұлттық қордың кепілдендірілген трансферт­терінің көлемі үш жыл ішінде 880 млрд теңгеге, 2020 жылдан бастап 2 трлн тең­геге қысқартылатын болады», – деді ол.

Т.Сүлейменовтің айтуына қарағанда, Ұлттық экономика министрлігі Қаржы министрлігімен бірлесіп, бюджеттік процессингті оңайлату және мемлекеттік органдардың дербестігін кеңейту жолымен мемлекет қаржысының экономикаға өткізілуін жеделдетуге мүмкіндік беретін Бюджет кодексіне түзетулер әзірледі.

«Қазіргі уақытта мемлекеттік орган­дар­дың өкілдері, бизнес-қоғамдастық, «Атамекен» ҰКП, үкіметтік емес және халық­аралық ұйымдардың белсенді қатысуымен жаңа Салық кодексі жобасын дайындау бойынша жұмыстар жүргі­зілуде. Осы жұмыстардың аясында мәтіннің өзін талқылау жүруде. Жаңа Салық кодексінің жобасы, тұжы­рым­дамасы және таныстырылым материалы Ұлттық экономика министрлігінің сайтында орналастырылған», – деді ведомство басшысы. 

Сонымен қатар, министрлік 2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында әрбір макроөңір үшін инвестициялық басымдықты анықтау, елдің аумақтық дамуын жетілдіру, ТКШ жаңғырту, халықты ауыз сумен және су тартумен қамту бойынша міндеттерді жүзеге асыруда. «Тұтас алғанда, Бағдарламаны жүзеге асыруға 2017 жылға республикалық бюджеттен 86,3 млрд теңге қарастырылған, 2017 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша, жергілікті атқарушы органдар арқылы оның 20,2 млрд теңгесі игерілген. Қаражат бекітілген қаржыландыру жос­парына сәйкес бөлінуде» деді министр.

Рауан ҚАЙДАР, «Егемен Қазақстан»