• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Парламент 27 Маусым, 2017

Ынтымақтастық тобының мүшесімен кездесті

118 рет
көрсетілді

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаровтың Финляндия Республикасы Парламентінің депутаты, Қазақстанмен парламенттік ынтымақтастық тобының мүшесі Ээро Хейнялуомамен кездесуінде екі елдің парламентаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Парламентшілердің кездесуі ЭКСПО-2017 халықаралық көр­месін өткізу аясында өтті.

Э.Хейнялуома Қазақстан павильонында болып, Б.Бекназаровпен  ЭКСПО туралы оң әсерлерімен бөлісті. «Біз өте үлкен әсер алдық. Ға­жап павильон, сіздер көрме өткі­зуде ауқымды жұмыстар атқарып­сыздар», – деді ол.

Сенат вице-спикері Фин­лян­­дияға халықаралық ЭКСПО көр­месін өткізуге арналған конкурста және 2017-2018 жылдарда БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесінің тұ­рақты емес мүшелерін сайлауда Қазақстанның канди­датурасын қол­дағаны үшін алғысын білдірді. «Мүмкіндікті пайдалана отырып, сізді және Суомидің барлық халқын алдағы мерекеленетін ел тәуелсіздігінің 100 жылдығымен құт­тықтаймын. Сіздер ғасырды эко­номикасы дамыған және хал­қының өмір сүру деңгейі жоғары мемлекет ретінде еңсеріп келесіздер», – деді Б.Бекназаров.

Тараптар сондай-ақ пар­ла­ментаралық ынтымақ­тастықты, гуманитарлық ықпалдастықты және экономикалық әріптестікті тереңдету перспективаларын тал­қылады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Се­натының баспасөз қызметі.