Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасына қатысты мәселелер бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Жаңа мемлекеттік бағдарлама ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен технологиялық жаңартуға бағытталған. Кеңес барысында бағдарламаның маңызды бағыттары мен жаңа жұмыс орындарын ашу, еңбек өнімділігін арттыру мәселелері талқыланды.