Жақсы хабарды барша қазақстандықтың қуана қабылдайтыны анық. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімі Астанадағы халықаралық әуежайға берілді. Елбасы – Тұңғыш Президентіміздің елімізді құрудағы еңбегі осылайша атап өтілді.
Елбасының мемлекет құрудағы ерен еңбегін, ядролық қаруды таратпау және бүкіл әлемде бейбітшілік саясатын ілгерілету жөніндегі саясатын халықаралық қоғамдастық жақсы біледі. Сондықтан елорданың басты әуе қақпасының елімізді, мемлекетімізді құрған Тұңғыш Президенттің атымен аталуы Елбасының зор еңбегін, қажыр-қайратын, күш-жігерін елеп-ескерудің бір көрінісі деп білемін.
Халқымыз қашанда ел бастаған ел басшысының, қол бастаған қолбасшының есімін қастерлейді, құрмет тұтады. Сондықтан, халықаралық әуежайға Елбасы есімінің берілуімен қазақстандықтарды құттықтаймын!
Мұхтар АЛТЫНБАЕВ, Парламент Сенатының депутаты