• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Маусым, 2017

Жібек жолы белдеуі елдерінің аграрлық форумы өтеді

155 рет
көрсетілді

ЭКСПО-2017 халықаралық көр­ме­сін Астанада өт­кізу – тәуел­сіз елі­міз­дің ше­жі­ре­сін­де ал­тын әріп­­термен жа­зылатын оқиға. Жал­пы, атал­ған көрменің негізі қа­ланған сәттен бас­тап адамзат тарихын саралайтын болсақ, әлем бойын­ша техниканың, инженерлік ойдың, өндірістің дамуына үлкен қарқын бергенін көреміз. Эйфель мұнарасынан бастап, қазіргі уа­­қытта тіршілігімізге ден­деп кірген «ақыл­ды» үйлер, эколо­гия­лық таза өндіріс не­гіздері, жаңа қуат көздері, тағысын тағы со­ны жа­ңа­­лық­тар осы көрмеден бастау ала­ды.

Мемлекет басшысының баста­ма­сымен ұйымдастырылған бұл ауқымды шара елімізде де ғылым­ның, инновацияның дамуына жаңа серпін бергені даусыз. XXI ғасырда кез келген мемлекеттің әлеуеті қаруы­ның күшімен емес, заманауи техно­логиялар саласындағы жетіс­­тігімен бағаланатынына көз жет­кі­зіп отырмыз. Қазақстанның қазір­гі саясаты шикізат өндірумен шек­тел­мей, биологиялық алуан­ түр­лі­гімізді, энергияның жаңа көз­дерін пайдалана отырып, инфра­құрылымды жоғары деңгейде дамытуға экологиялық таза өнім шығаруға, экологиялық қауіпсіз орта құруға бағытталған. Бұл ретте Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті елі­міз­дегі ауыл шаруашылығы маман­дарын даярлайтын ең белді оқу орын­дарының бірі ретінде біраз жылдан бері әлемдегі белгілі оқу орындарымен, ғылыми орталықтармен тығыз әріптестікте жұмыс істеп келеді. Осыдан төрт жыл бұрын Елба­сы­мыздың Жібек жолдары елдерінің қарым-қатынасын нығайту туралы бастамасы Қытай елі тарапынан қолдау тауып, көрші елмен аграрлық ғылым саласындағы байланыстарды нығайтуға мүмкіндік алдық. Астана қаласының айналасында жасыл белдеу құру, жаңа өнім түрлерін сұрыптау, жаңа дақылдар шығару, ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру – бүгінде халықаралық байланыстар аясында қол жеткізген жұмыстарымыздың азғантай бөлігі ғана.

Жақында Бейжіңде өткен «Бір белдеу, бір жол» форумы­ның аясында қытайлық әріптестері­міздің шақыруымен ҚХР Ауыл шаруа­шылығы Ғылым академиясының 60 жылдығына орай ұйымдастырыл­ған дүниежүзілік саммитке қатысу­ға мүмкіндік туды. Жиында Қазақ­станның ауыл ша­руа­шылығының жетістіктері туралы баяндама жасадым. Әлемнің 30-дан астам елінің ғалымдары мен жоға­ры оқу орны жетекшілерінің басын қосқан бұл жиында аграрлық сала­ның жаһандық даму үрдіс­тері тал­қыланып, саланың бола­шағы ту­ралы ортақ ұстаным қалыптас­ты­ру­ға бетбұрыс жасалды. Айта ке­тер­­­лігі, басқосуға қа­ты­сушы көп­­­теген атақты ғалымдар, ЖОО бас­­­шы­­­лары, кәсіпкерлер еліміздегі ЭКСПО-ға үлкен қызығушылық таны­­тып, қатысатындықтарын біл­діріп отыр. Осы мүмкіндікті пай­да­ла­­­нып, ағымдағы жылы 3-5 шіл­де ая­сын­да Қазақстанда тұңғыш рет С.Сей­­фул­лин атындағы ҚазАТУ бас­­та­ма­сымен Жібек жолы бойы ел­­дері­­нің ауыл шаруашылығындағы білім және ғылым жөніндегі ха­лық­­­ара­лық альянсының жиыны өткізілгелі отыр. Бұл – рес­пуб­ликамыздың аграрлық ғылы­мы мен білімінің тарихында тұң­­ғыш рет өтетін шара. Былтыр Қытай ауыл шаруашылығы акаде­мия­­сы­ның ұйытқысымен құрылған бұл альянсқа 40-тан астам елдің жоға­ры оқу орындарының ректорлары, ғалымдары кіреді. Мақсат – аг­рар­лық саладағы мәселелерді бір­лесе шешу. Аталған жиынға шет­ел­дердің 40-қа жуық жоғары оқу орын­дарының ректорлары, академиялар мен ғылыми-зерттеу инсти­туттарының басшылары қатысуға ниет білдірді. ЭКСПО-мен тұс­па-тұс ұйымдастырылып отыр­ған бұл шараға келген қонақтары­мыз халық­аралық көрме жетіс­тіктерімен, елі­міз­дің экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-инновациялық, мәдени, рухани әлеуетімен жан-жақты танысады. Бұл өз кезегінде Қазақстанның жаһан­дық даму көшінен өзінің ла­й­ық­ты орнын алуына ықпал ететі­ніне сенеміз.

Ақылбек КҮРІШБАЕВ,

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор