• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Маусым, 2017

Алыс ауылдарда әуежай салынады

337 рет
көрсетілді

Атырау-Астрахан тас жолының жағдайы көңіл көншіт­пейтін еді. Енді «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдар­ламасы арқылы осы жолдың 277 шақырымын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр.

«Құрылыс биыл басталып, 2020 жылы аяқталады», дейді облыстық жолаушылар көлі­гі және автокөлік жол­дары бас­қар­масының басшы­сы Қайрат Нұртаев. Өңір­лік ком­муни­кациялар қызме­тін­де өткен бри­фингте Аты­рау мен Астраханның ара­сын­­дағы жолды қайта жаң­ғыр­ту жұмыс­тары алты бөлік­ке бөлінгені, қазір соның 4 бөлігінің жобалық-смета­лық құжат­тары да­йын екені айтылды. Қалған екі бөлігінің құжаттары жақын күндері мемлекеттік сараптама қоры­тын­ды­сын алады. Аймақ тұр­ғын­дарын алаң­датып отыр­ған жол жұмыс­тары­ның бұ­рын белгіленген мерзім­де бас­тал­­мауына банктің талаптары себеп бол­ған. Бұл құрылысты Ислам даму банкі қаржыландырады. Ақтөбе – Атырау – Астрахан ав­то­көлік жолы­ның Атырау об­лы­сының аума­ғы­нан өтетін 552 шақырымын жаң­ғырту жұ­мыс­тарына бюджеттен ақша бөлін­ді. Қазір облыс аумағымен шек­­те­сетін жолдың 432 шақы­ры­мы қана­ғат­танарлықсыз күйде.

Басқарма басшысы облыс орта­лығының кеңеюіне байла­нысты «Атырау – Астра­хан» тас жолы­ның бір бөлігі қала ішінде қалып отыр­ғанын да айтты. «Осы бағытта қазір Атырау қа­ла­сының сыртынан солтүс­тік ай­нал­ма автокөлік жолының құры­­лысын жүргізу үшін тех­ни­калық-экономикалық не­гіз­демесін жасақ­тауға қаржы бөлінуде. Бас жоспарға сәйкес айналма жолдың ұзындығы 26 шақырымды құрайды. Жос­парда 4 жол айрығы мен Жа­йық өзені арқылы өтетін 400 метр­лік көпір салу қарасты­рыл­ған», деді Қайрат Нұртаев.

2014 жылы Махамбет ауданында Жайық өзені арқы­лы өтетін көпір құры­лысы бас­талған еді. Индер – Қара­бау – Мия­лы – Сағыз жолы да жаң­­ғыр­­ты­лы­п жатыр. Биыл Қызыл­­қоға ауда­нына қарасты Тас­ша­ғыл, Қа­ра­­бау, Қаракөл, Ма­хам­бет ау­да­­нын­дағы Сарай­шық, Ал­ма­­­лы, Бейбарыс ауыл­­дары­ның кір­­ме жолдары мен ауыл­і­ші­лік жол­дары жөнделе бас­та­ды. Ал­да­ғы уақытта об­лыс­­­та­ғы Дос­сор, Мақат, Бәйге­төбе, Са­ғыз, Мұқыр, Аққа­­ла, Ын­ты­­мақ, Елтай, Көк­то­ғай, Зине­­ден, То­­ман, Есбол ауыл­дарын­да­ғы жол­­­дар күрделі жөн­деу­ден өте­ді. Қазір Атырау қала­сын­дағы 79 кө­­ше­де тасжол төсеу жұ­мыс­­­т­­ары жүріп жатыр. Облыс ор­­та­­лы­­ғын­­дағы 1593 ша­қы­рым­дық 1781 көшенің 948-і ас­фальтталды.

Баспасөз мәслихатында қоғамдық көлік төңірегіндегі мәселелер де сөз болды. Бас­қар­ма басшысының айтуын­ша, облыс орталығында қоғам­дық көліктің қалыпты қызме­тін қамтамасыз ету үшін 160 автобус жетіспейді. Ал ерек­ше жаңалық – мұнайлы аймақ­тың үш ауданында шағын авиа­ция үшін жаңа әуе­жай салы­нады. «Көлік инфра­құры­лы­­мын дамыту мен ық­пал­дас­тыру-2020» бағдарламасы бойын­ша Құрманғазы ауданы­ның ­Сүйіндік селосына, Қызыл­қоға ауданының Миялы село­сына және Жылой ауданы­ның Құлсары қаласына әуе­жай салу жоспарланған. «Биыл қаржының бөлінуіне байла­нысты құрылыс жұмыстары Миялыда басталады. Ал, Сүйін­дік пен Құлсары қала­сында салынатын әуежай құры­лы­сы үшін қажетті құжат жасақ­талады», деді Қайрат Нұртаев.

Бақытгүл БАБАШ, «Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ