• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Маусым, 2017

Арбамен билеу – айрықша өнер

217 рет
көрсетілді

Таяуда Маң­ғыс­тау облы­сы­ның орталығы Ақ­тау қаласында мүм­кіндігі шектеулі жандар арасында арбада отырып билеуден ел чемпионаты болып өтті. Біріншілік же­ңімпаздары Әлем Кубогы мен биылғы Әлем чем­пионаты­на қа­тысуға лицен­зияға ие болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, спорттың бұл түрі мүмкіндігі шектеулі замандастарымыздың өз өне­рін танытуына зор мүмкіндік береді. Олардың рухын оятып, өмір­ге деген құлшынысын арттырады.

Турнирге Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай, Ал­ма­ты, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласының бишілері қатысты.

Жарысқа қатысушылар арасында 2016 жылғы Азия чем­пио­натының, 2014 жылғы пара­лим­пиадалық Азия ойын­дарының жеңімпаздары және 2015 жылғы Әлем чемпионатының жүлдегері бар. Үміткерлер халық­аралық біліктілік талаптарына сай – combi/duo-standart, latina, freestyle аталымдарының барлық түрлері бойынша бақ сынасты.

– Шараның мақсаты – арбамен би­леуді насихаттау. Оған бірі арбада, екін­шісі он екі мүшесі сау жұптар, екеуі де арбада отырған жұптар және жұп­сыз, яғни арбада отырған жалғыз би­ші қатыса алады, – дейді Қазақстан За­­манауи және спорттық билер фе­де­­ра­циясының прези­денті Әлия Түсіпбекова.

Ел біріншілігіне қатысқан қара­ған­дылық Айгүл Балма­ғам­бетова Single Woman және Single Freestyle аталымда­рында екі бірдей күміс жүлдеге ие болды.

Жанила ҚҰРЫШБЕКОВА, №4 ЖББМ 11 «б» сынып оқушысы

Қарағанды облысы,

Саран қаласы