• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Маусым, 2017

Қызылорда облысында 140 млн теңгенің қарызы өндірілді

113 рет
көрсетілді

Мемлекеттік еңбек инспекторлары Қызылорда облысындағы әр түрлі меншіктегі мекемелер мен кәсіпорындарға ҚР еңбек заңнамаларының сақталуына орай тексерулер жүргізді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Нәтижесінде, осы жылғы бірінші тоқсанда 2 кәсіпорын бойынша 346 жұмыскерге 73 801 964 теңге жалақы қарызы қалыптасып отырғаны («Миниса Үміт» балабақша шағын орталығы 28 жұмысшыға - 5,4 млн тг, «МЖЗ Шапағат» ЖШС 318 жұмысшыға - 68,4 млн тг) анықталды.

Мемлекеттік инспекция тарапынан жұмыс берушілерге тиісті айыппұлдар салынды. Осындай жүйелі жұмыстардың арқасында жыл басынан бері 32 кәсіпорындағы 1200 жұмысшыға 139,3 млн теңгенің жалақы қарызы өндіріліп берілді.  

Еске сала кетсек, өткен жылы басқарма облыс көлемінде орналасқан барлық кәсіпорындар мен шаруашылық субъектілерінің жұмыс берушілері және кәсіподағымен бірлесе отырып, әлеуметтік шиеленістің алдын алу және штат санын қысқартпау, жұмыс орнын сақтау мақсатында меморандумдар жасаған болатын.