Астанада Бас Прокурор Жақып Асановтың Ұлыбритания Жоғарғы сотының бұрынғы судьясы, Блакстоун Чемберс тобының төрешісі мен медиаторы, Сот және халықаралық төрелік орталығын құру мен дамыту бойынша «Астана» халықаралық қаржы орталығының сарапшысы лорд Гэри Вульфпен кездесуі өтті, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Іс-шараға Қазақстан Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко, Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов пен «Астана» Халықаралық қаржы орталығы әкімшілігі» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Құсайынов қатысты.
Кездесу барысында Қазақстан Бас прокуратурасымен құрылатын Сот және халықаралық төрелік орталығымен ынтымақтастықты және өзара іс-қимылды нығайту мәселелері, сондай-ақ, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою мүмкіндігі талқыланды.
Кездесу соңында Жақып Асанов лорд Гэри Вульфқа сапары үшін алғыс айта отырып, осы кездесу ынтымақтастықты дамыту үшін қосымша серпін болады деген сенімін білдірді.