Көкшетаудың «Тұмар» би ансамблі Малайзияда өткен алтыншы халықаралық фольклор фестиваліне қатысып, жүлделі үшінші орынды иеленіп қайтты.
Кота Кинабалу қаласындағы өнер сайысына Египет, Үндістан, Қытай, Латвия, Ресей, Сингапур сияқты 18 мемлекеттен би саңлақтары қатысқанын ескерсек, алғашқы үштікке ену үлкен табыс деп білеміз. Көкшелік қыздар айтулы додада қазақ халқының «Шапағат», «Жайлау», «Елім-ай» билерін орындап, көрермен ризашылығына бөленумен қатар Малайзия королі Мизан Зайнал Абидиннің, Мәдениет және туризм министрінің, қала мэрінің қабылдауында болыпты.
Бақберген АМАЛБЕК,
Көкшетау.