• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Ұлттық спорт 02 Шілде, 2017

Болашақта «Қазақстан барысы» турнирі киімсіз өтуі мүмкін

443 рет
көрсетілді

Дәл қазір елордадағы «Барыс Арена» мұз сарайында жетінші рет ұйымдастырылып жатқан «Қазақстан Барысы-2017» турнирі өтіп жатыр.

Финалдық белдесу алдында Қазақ күресінің тарихы туралы видео көрсетіліп, жарысты бозкілемде жүргізіп отырған Бейсен Құранбек жанкүйерлер арасында "Болашақта Қазақ күресінің тарихында болған киімсіз күресті қайта жаңғыртуды қолға алған дұрыс па?", деп жанкүйерлерге сауал жолдаған болатын.

"Барыс Аренаға" жиналған жанкүйерлер бұрынғы дәстүрді жаңғыртуды қолдайтындарын шапалақ соғу арқылы жеткізді. Енді, турнирді ұйымдастырушылар болашақта "Қазақстан барысын" киімсіз өткізуі мүмкін.

Айта кетейік, биыл "Қазақстан барысы" жетінші рет ұйымдастырылып жатыр.