• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Шілде, 2017

Солтүстікқазақстандық тұрғын граната тауып алды

153 рет
көрсетілді

Жамбыл ауданы Екатериновка ауылының бір тұрғыны орманда отын дайындап жүргенде гранатаны кезіктіріп, тиісті орындарға шұғыл хабар берген.

Аудандық ішкі істер бөлімінің жедел-тергеу тобы оқиға болған жерге суыт жетіп, табылған металл заттың Милсс гранатасы екенін анықтаған. 

Арнайы мамандар оны қауіпсіз аймаққа шығарып, жою үшін арнайы полигонға жөнелткен. Олардың айтуларынша, осыдан бірнеше жыл бұрын осы аумақтан балалар ескі снарядты кезіктірген. Соған қарағанда қызылдар мен ақтардың өзара шайқаскан азамат соғысы жылдарында қалып қойған жарылғыш заттар болуы мүмкін деген жорамал басым.

Осыдан 4 жыл бұрын Пресновка кентінің бір тұрғыны 37-ші калибрлі минометті полицияға тапсырған болатын. Ол қарудың ұлы Отан соғысына қатысқан атасынан қалған мұра деп түсіндіргенімен, қалай келгенін айтып бере алмаған.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы