• RUB:
    5.4
  • USD:
    471.83
  • EUR:
    505.66
Басты сайтқа өту
Жеңіл атлетика 09 Шілде, 2017

Азия чемпионатында эстафетаға жүгіруден Қазақстан құрамасы жеңіске жетті

111 рет
көрсетілді

Үндістанның Бхубанешвар қаласында өтіп жатқан XXII Азия чемпионатында қыздар арасында 100 метрге командалық эстафетаға жүгіруден Қазақстан құрамасы жеңіске жетті, деп хабарлайды kazathletics.kz.

Әйелдер арасында 4х100 бойынша командалық эстафетада жүгіруден Қазақстан құрамасы ешкімге дес бермеді.

Құрамында Рима Кашафутдинова (Қарағанды), Виктория Зябкина (Алматы), Светлана Голендова (Тараз), Ольга Сафронова (Павлодар) бар төрттік мәреге 43.53 секундтта жетті. Екінші орын Қытай қыздарына бұйырды. Олардың уақыт көрсеткіштері - 44, 50 секунд. Үзік үштікті Үндістан құрамасы қорытындылады (44,57). Алматыда өткен Ғұсман Қосанов мемориалында осы құрам 43, 03 секундта жүгіріп өткен еді. Бұл жолы ол көрсеткіштен сәл төмен жүгірді. Дегенмен, чемпион атануға ешкім кедергі келтіре алмады. Қытай құрамасы айтарлықтай қалып қойды.