• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Шілде, 2017

Зейнетақы жүйесі қалыпты даму кезеңін жалғастырады

330 рет
көрсетілді

Ұлттық Банк хабарлайды, түсініктеме береді, түсіндіреді. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) қызметі бүкіл жұртшылықтың қызығушылығын туғызатыны түсінікті. Сарапшылар зейнетақы жүйесін дамыту жолдары туралы дауласса, салымшылар өз жинақтарының жай-күйіне алаңдаулы. Соған қарамастан қордың көрсеткіштері жүйенің жұмыс істейтінін көрсетіп отыр. «Жарналар түсуде, төлемдер жүзеге асырылуда, зейнеткерлер өз жинақтарын алуда. БЖЗҚ-дағы зейнетақы активтерінің көлемі 7 трлн теңгеден асты, ал таза инвестициялық кіріс сомасы 5 айдың ішінде 114 млрд теңгеден асты. Қор беріктік негізі бар, ал жинақтау жүйесі – дамудың әлеуеті», деп санайды «БЖЗҚ» АҚ Басқарма Төрайымы Нұрбүбі Наурызбаева.

– Нұрбүбі Серікқажықызы, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмыс істей бастағанына 20 жылдай уақыт болып қалыпты. Оның қазіргі күнгі жағдайын қалай бағалайсыз?

– Қазақстан – ТМД-да бірінші бо­лып халықты зейнетақымен қам­сыз­дандыру реформасын жүргізген ел. Бұл қажеттіліктен туындаған реформа болды, себебі өткен ғасырдың 1990 жылдарының соңында жас мемлекетіміз, бір жағынан, халықтың де­мографиялық тұрғыдан қартаю проблемасына тап болса, екінші жағынан, өндірістің қысқаруымен, көп­теген компаниялардың кө­лең­кеге кетуімен, бюджетке тө­лем­дер­­дің қысқаруымен және ке­ші­гуі­мен және соның салдарынан, зей­нет­ақылар мен жәрдемақыларды тө­леудің кешігуімен байланыс-ты экономикалық проблеманы бас­тан кешірді. Экономиканың құлдырауы әлеуметтік қамту дағ­дарысын одан әрі шиеленістірді. Ста­тис­тика агенттігінің деректері бой­ынша салық төлеген жалдама­лы жұмысшылардың зейнеткерлерге ара­қ­атынасы 1997 жылы 1-ге 1,5 болды. Әлемдік тәжі­ри­бе дәлелдегендей, ұрпақтар ын­ты­мақтастығына негізделген зей­нет­ақы жүйесі ең кем дегенде 1-ге 4 болғанда ғана, яғни 4 жұмыс іс­тейтін адамға бір зейнеткерден кел­генде ғана теңгерімді жұмыс іс­тей алады. Олай болмаған жағ­дай­да, теңгерімсіздіктің өсуі шы­ғыстарды мемлекеттің өтеуі қа­жет­тілігіне әкеледі және мемлекет бюд­жет тапшылығын қысқарту үшін са­лықты көтеруге мәжбүр болад­ы. Сондықтан да, көптеген елдер зей­нетақы жүйесінің жинақтаушы немесе аралас үлгісіне өтуді жүзеге асырады.

Әлеуметтік қамсыздандырудың бөлу (ортақ) жүйесінен жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жеке зейнетақы шоттарында ақша жи­нақ­тауды көздейтін жинақтаушы зей­нетақы жүйесіне біртіндеп өту Қазақстан жүргізген зейнетақы жүйесіндегі ең негізгісі болды.

Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі 20 жылдай уақыт ішінде өзгерістерге ұшырады, дағдарысты бастан кешірді, бірақ  дамуын жалғастырды. 2013 жылы Үкіметтің шешімімен барлық жеке ЖЗҚ-ның шоттары беріле отырып бірыңғай зейнетақы қоры құрылды. Бұл ретте зейнетақы жинақтары –  салымшының меншігі және міндетті жарналардың инфляция деңгейі ескеріле отырып сақталатынына мемлекет кепілдік беретін негізгі қағидат сақталды.

Бүгінгі күні Қазақстанда зей­нет­ақымен қамсыздандыруға жау­ап­кершілікті мемлекет, жұмыс бе­руші және жұмыскердің өзінің арасын­да оңтайлы бөлуге негізделген көп­дең­гейлі зейнетақы жүйесі жұмыс істейді.

Мемлекет 1998 жылға дейінгі ең­бек өтіліне байланысты ортақ зей­нетақыны және барлық аза­мат­тарға өтіліне қарамастан ең тө­менгі күнкөрістің 50 пайызы дең­­гейіндегі базалық зейнетақыны төлейді. Алайда 2018 жылдан бері базалық зейнетақыны тағайындау тәртібі өзгергеретінін айту қажет, оның мөлшері еңбек өтіліне және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады. Сонымен бірге, мемлекет БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жар­на­ларының және міндетті кәсіби жар­налардың есебінен зейнетақы жи­нақтарының сақталатынына кепілдікті қамтамасыз етеді.

Екінші деңгей – бұл 1998 жылдан бері жұмыс істейтін жинақтаушы зейнетақы жүйесі. Ол жеке шотта жинақталатын жұмыскер кіріс­те­рінің 10 пайыздық міндетті зей­нетақы жарналарынан, 2014 жыл­дың басынан бері енгізілген, қауіпті өндірістерде жұмыс істейтін жұмыскерлердің пайдасына жұмыс беруші қаражатының есебінен салынатын 5 пайыздық міндетті кәсіби зейнетақы жарналарынан тұрады. Бұл жинақтар салымшының меншігі және ол мұрагерлікпен беріледі. Жақын арада жинақтау деңгейіне жұмыс берушінің 5%-дық міндетті зейнетақы жарналары қосылады. Үшінші деңгей – бұл ерікті зейнетақы жарналары, оны жүзеге асыра отырып салымшы өзінің зейнетақы капиталын айтарлықтай ұлғайта алады.

– 2014 жылы «Қазақстан Рес­пуб­ликасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жыл­ға дейінгі тұжырымдамасы» қа­был­данды. Тұжырымдама шең­бе­рінде БЖЗҚ алдына қандай нақты міндеттер қойылды?

– Қазақстанның зейнетақы жүйе­сін жаңғырту қажеттілігі, бірінші кезек­те, ортақ зейнетақы алуға құ­қығы бар азаматтар санының азаюына байланысты болды. Жыл өткен сай­ын 1998 жылға дейін еңбек өтілі бол­маған адамдар зейнеткерлікке көптеп шыға бастайды.

Әрине, бұл құрауыш басқа қаржы көздерінен – жинақтаумен, шарт­ты-жинақтаумен, ерікті, зей­нет­ақымен қамсыздандыруға жа-у­ап­кершілікті мемлекет, жұмыс бе­руші және жұмыскер арасында бөлуді оңтайландырумен алмастыр-уды талап етеді. Осы нәрселердің барлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылы айтылған «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы ескеріле отырып әзірленген тұжырымдамада көрсетілген.

Бірінші кезеңде (бұл 2016-2020 жыл­дар) құқықтық негізі қалып­тас­тырылып, зейнетақы жүйесін жаңғыртудың бірінші кезектегі шара­ларын іске асыру қамтамасыз етілу қажет. Дәл осы кезеңде шартты-жи­нақтаушы құ­рауыш әзірленіп, ен­гізілетін бо­лады, зейнетақымен қам­сыз­дандырудың ең төменгі ке­піл­діктерінің жүйесі, зейнетақы төлемдерін жүргізу тәртібіне және мемлекеттік кепілдіктер институтына қатысты жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өлшемдері жетілдіріледі. Осы кезеңдегі міндеттердің бірі – халықты зейнетақы жүйесінің қызметтерімен қамтуды кеңейту. Біз оны мемлекеттік органдар – әкімдіктермен, мемлекеттік кірістер министрлігінің бөлімшелерімен бірлесіп шеше бастадық.

Екінші кезеңде (2020-2030 жыл­дар) жаңғыртылған зейнетақы жүйе­сінің тиімділігін арттыру және салымшылар мен зейнетақы төлем­де­рін алушылардың құқық­тарын қор­ғау тетіктерін одан әрі жетілдіру жө­нінде шаралар қабыл­данатын бол­ады. Осының бәріне зей­нетақы мөл­ше­рінің есептелетін жарналармен өза­ра байланысын күшейту есебінен, олар­дың тұрақты түрде есептелумен және салымшының жүйеде болу уа­қытымен, базалық зейнетақы тө­лемінен мемлекеттік кепілдікті беру тетігін оңтайландыруға мүмкіндік беретін ең төменгі кепілдік берілген зейнетақыға өтуді қоса алғанда, зейнетақымен қамсыздандырудың ең төменгі кепілдіктері институтын одан әрі жетілдірумен қол жеткізу жоспарланып отыр.

Зейнетақы төлемдерінің бара­бар­лығы және теңгерімді қаржылық-орнықты зейнетақы жүйесін құру, ха­лықаралық стандарттармен қа­былданған жоғалған жалақының кемінде 40 пайызы деңгейіндегі (қазір бұл көрсеткіш шамамен 30 пайызы (2015 жылы – 30,9 пайыз, 2016 жылы – 29,8 пайыз) жиынтық зей­нетақы төлемдерімен ауыстыру коэффициентін 2030 жылға дейін қам­тамасыз ету, 2030 жылға қарай жи­нақтаушы зейнетақы жүйесімен ең­бекпен қамтылған халықтың 80 пайызға дейін қамтуды кеңейту тұжырымдаманы іске асыру мақсаты болып табылады.

БЖЗҚ-ның тұжырымдама шең­беріндегі негізгі міндеттері – үз­діксіз жұмысты, зейнетақы жүйе­сінің ашықтығын қамтамасыз ету, халықты міндетті де, ерікті зей­нетақы жүйесімен қамтуды ке­ңейту, зейнетақы қызметтерінің қол­­жетімділігін және сапасын қам­тамасыз ету, Қазақстан Рес­пуб­ликасының Ұлттық Банкімен бір­лесіп зейнетақы активтерін ин­вестициялық басқарудың ашық­ты­ғын арттыру және болашақта салымшылардың өз активтерін басқарушы компаниялар арқылы инвестициялауға біртіндеп тарту.

– Қазақстандықтардың зей­нетақы жинақтары қалай қор­ғал­ған? Салымшылар өздерінің же­келеген кезеңдердегі үзінді-көшірмелерінде «инвестициялық кіріс» деген бағанда неге теріс мәндерді көреді?

– Қазақстанда зейнетақы жинақ­та­рының сақталуына мемлекет тарапынан кепілдік берудің бірегей үлгісі бар. Осы үлгіге сәйкес «Қазақ­стан Республикасында зейне­т­ақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабының негізінде төлемге құқық туындаған кезде әрбір алушыға инфляция деңгейі ескерілген нақты енгізілген мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) мен мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) сомасы мен олардың жеке зейнетақы шотындағы зей­нет­ақы жинақтарының сомасы ара­сындағы айырманы төлеу сомасы жеке-жеке есептеледі. Басқаша айт­қанда, төлемге құқық туындаған кезде әрбір алушыға жинақтаушы зейнетақы жүйесінде болған барлық кезеңдегі кірістілік пен инфляция деңгейі жеке-жеке есептеледі және егер зейнетақы жинақтарының кірістілігі инфляция деңгейінен төмен болса, бұл айырманы мемлекет өтейді.

Бұл дегеніңіз, егер кейде салымшылардың шоттарында и­н­­­вес­­тициялық кіріс төмендесе, оған олар ешбір уайымдамайды де­генді білдіреді. Зейнетақы ак­тив­­­тері ұзақ кезеңге инвестиция­ла­­нады және қысқа мерзімде ин­ве­стициялық кіріс аламын деп қа­рау дұрыс емес. Инвестициялық кіріс тұрақты қалыптасқан шама емес, себебі ол инвестициялық порт­фельдің құрылымына және қар­жы құралдарымен жүргізілетін опе­ра­цияларға байланысты. Қаржы құ­рал­дарын қайта бағалау, валюталар бағамдарының өзгеруі және т.б. сияқты бірқатар факторларға байланысты шама күн сайын өзгереді. Алайда, мұндай ауытқулар, әдетте, қысқа мерзімді әрі уақытша болып келетінін тағы бір рет айтқым келеді. БЖЗҚ-дағы шоттарға қызмет көрсету кезінде жинақталған инвес­т­и­циялық кірістің көлемі оң болып отыр.

Егер салымшылардың (алу­шы­лардың) ЖЗШ-ға жеке-жеке есеп­телетін инвестициялық кірісінің мөл­шерін қарайтын болсақ, онда ол жи­нақ ақшаның өзінің мөлшеріне бай­ланысты – жинақ ақша көп әрі оны толықтыру кезеңділігі тұ­рақ­ты болған сайын, есептелетін ин­вес­тициялық кіріс те жоғары болады. 2016 жылы инвестициялық кіріс 472,4 млрд теңгені құрады.

– Зейнетақы жинақтарының жал­пы сомасының бүгінгі кү­ні кө­лемі қандай? Қанша қазақ­стан­дықтың жеке зейнетақы шо­ты бар?

– Жинақтаушы зейнетақы жүйе­сінің, менің ойымша, эко­но­ми­камыздың дамуын көр­се­тетін көр­сет­кіштері оның жалпы алғанда тұрақты екенін көрсетіп отыр. Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 6,69 трлн теңге болды. Зейнетақы жинақтарының өсімі 2016 жылы 14,7 пайызды құрады. БЖЗҚ-да жинақталған зейнетақы активтері сомасының ҚР ІЖӨ сомасына арақатынасы 2016 жылы 14,6 пайыз болды. Ағымдағы жылдың басындағы жағдай бо-йынша салымшылардың ЖЗШ-ға есептелген инвестициялық кірістің жинақтардың жалпы сомасындағы үлесі 30 пайыздан сәл жоғары (немесе шамамен 2,2 трлн теңге) болды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша БЖЗҚ-ның зейнетақы және меншікті активтері бойынша қаржылық есептілігіне аудит жүр­гізілді. Тәуелсіз аудиторлық ком­панияның қорытындысына сәй­кес зейнетақы активтері бойын­ша қар­жылық есептілік барлық ма­ңыз­ды аспектілер бойынша бел­гі­­ленген стандарттарға сәйкес келеді, бұл зейнетақы активтерінің сақ­талғанын, олардың дұрыс есепке алынғанын, зейнетақы актив­тері инвестицияланған қаржы құ­рал­дары әділ құнының шынай ба­ғаланғанын білдіреді.

Зейнетақы жинақтарының жал­пы сомасы 2017 жылғы 1 мау­сым­да­ғы жағдай бойынша 6,99 трлн теңгені құрады, ал 2 маусымда 7 трлн теңгеден асты. Осы жылдың бес айында зейнетақы жинақтары 310 млрд теңгеге ұлғайып, өсім 4,6 пайызды құрады.

Барлық шарт түрлері бойынша салымшылар мен алушылардың жеке зейнетақы шоттарының саны жыл басынан бері 14,4 мың бірлікке ұлғая отырып, ағымдағы жылғы 1 маусымда 10,06 млн бірлікті құрады. Міндетті зейнетақы жарналары бойынша шоттар саны 9,59 млн бірлікті құрайды. Міндетті кә­сіп­тік зейнетақы жарналары бой­ынша салымшылардың ЖЗШ са­ны 429 мың бірлік болды. Айта кету қажет, бұл жарнаны кәсіптері үкі­мет­тің қаулысымен белгіленген тіз­бе­ге кіретін жұмыскерлер жұмыс істей­тін барлық ірі мемлекеттік өнер­кәсіп кәсіпорындары мен ұйым­дар төлейді. Көріп отыр­ға­ны­мыздай, жұмыс берушілер жал­пы ал­ғанда өз жұмыскерлерін зей­нет­ақы­мен қамтамасыз ету үшін жау­ап­кершілікті бөле көтерісіп отыр. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша жағдай көптеген жылдар бойы іс жүзінде өзгерген жоқ. 1 маусымдағы жағдай бойынша жарналардың осы түрі бойынша шоттар саны шамамен 39,5 мың бірлікті құрады. Сонымен қатар, бұл өз зейнетақы капиталыңды айтарлықтай толықтыруға мүм­кін­дік беретін тәсілдердің бірі.

Салымшылар үшін маңызды көр­сеткіштердің ішінен, әрине, инвестициялық кіріс туралы айту қа­жет. 2017 жылдың басынан бері са­лымшылардың ЖЗШ-ға есептелген таза кірісінің сомасы 1 маусымдағы жағдай бойынша 114,4 млрд теңгені құрады.

– Жұмыс істейтін тұрғын­дар­дың барлығы дерлік жинақтаушы зей­нетақы жүйесіне тартылды ма?

 – Еліміздің жұмыс істейтін тұр­ғын­дарының барлығы – әсіресе, бұл өзін өзі жұмыспен қамтыған хал­ық үшін өзекті мәселе – жинақ­тау­шы зейнетақы жүйесіндегі өз шоттарына жүйелі түрде ақша аударады дегенге сену қиын екендігін мойындаған жөн. 2016 жылы қор базасындағы МЗЖ бойынша 9,6 млн шот бар болған кездің өзінде тек 5,8 млн шотқа ғана зейнетақы жарналары ұдайы жүзеге асырылды. Егер халық жарналарының кезеңділігі мен жиілігін қарастырсақ, онда, мысалы, 2016 жылы жеке зейнетақы шоты жарналарының орташа жиілігі 8,06 есені құрағанын байқауға болады.

Біз республика өңірлері, салым­шы­лардың санаттары бойынша жар­налардың түсу серпінін ұдайы талдап отырамыз. Жалпы алғанда, зейнетақы шоттарының саны эко­но­микалық тұрғыдан белсенді халық жөніндегі деректермен байланыста болады, бірақ жұмыс істей­тін тұрғындардың барлығы жи­нақ­таушы зейнетақы жүйесіне жүй­елі түрде және толық көлемде қатыспайтын жекелеген өңірлер де бар. Қазір біз халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және оларды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту сияқты маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуде өзара ынты­мақ­тастық пен бірлесіп жұмыс іс­теу мүмкіндігін талқылайтын облыс әкімдерімен кездесулер өткізіп жатырмыз. Сонымен қоса, БЖЗҚ ақпараттық-түсіндіру жұмы­сын өз бетінше жүргізеді. Осы жылдың бес айында бүкіл республика бойынша 136 мыңнан астам адам қатысқан кәсіпорындар мен ұйымдарда 4 мыңнан астам таныстыру өткізілді. Қордың барлық филиалдарындағы «ашық есік күндері» салымшылармен және алушылармен қарым-қатынас жасаудың тағы бір тиімді форматына айналды.

– Сіз БЖЗҚ-ға қиын-қыс­тау кез­де, бірақ қордың қыз­ме­тін да­мыту жөніндегі өз бағ­дар­ла­ма­ңызбен келдіңіз. Содан бері қан­дай жұмыс жасалды?

– Мені Басқарма Төрайымының лауазымына тағайындағаннан кейін мен жұмыстағы негізгі қағидат ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару жүйе­сін күшейту арқылы қор салымшылары мен зейнетақы төлемдерін алушылардың мүдделерін қорғау болып табылатындығына баса назар аудардым. Бұл ретте, қордың жұмысы салымшылар үшін барынша айқын және түсінікті болуы тиіс.

Жыл басындағы қор жұмысының маңызды бағыттарының бірі ішкі бизнес-процестерді, тәуекелдерді басқару процестерін қайта қарау, ішкі бақылау жүйелерін күшейту болды. 2017 жылғы бірінші тоқсанда, бірінші кезекте, әкімшілік және операциялық шығыстарды қысқартуға, сонымен қатар, қыз­мет тиімділігі мен көрсетілетін қыз­мет­тердің сапасын арттыруға ба­ғыт­талған ұйымның құрылымын оң­тайландыру процестері іс жүзінде аяқталды. Қор жұмысына қажетті көптеген ішкі нормативтік құжаттар қайта қаралды және жаңа редакцияда әзірленді. Сонымен қоса, Директорлар кеңесі жыл басында зейнетақы активтері сияқты БЖЗҚ меншікті активтерін басқаруды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына беру туралы шешім қабылдады. БЖЗҚ меншікті активтерін Ұлттық Банктің басқаруына беру процесі аяқталды.

Қордың ішкі аудиті күшейтілді. Әр филиалдың штат кестесіне қордың өңірлік бөлімшелерінің операциялық қызметіне бақылау жүйесін қамтамасыз ететін ішкі аудиторлар енгізілді.

– Бастапқы кезеңде қиындық туғызған мәселе қандай?

– Өткен жылдың соңындағы БЖЗҚ-пен болған теріс оқиға баршамызға белгілі. Олар жалпы зейнетақы жүйесіне деген се­нім­сіздікті туындатып, жағым­сыз түсінік аясын шектен тыс шие­ле­ніс­тіріп жібергені де түсінікті. Біз ахуалды талдап, жинақтаушы зей­нетақы жүйесінің жиырма жыл­ға жуық тарихына қарамастан, біз­дің еліміздің халқы әлі күнге дей­ін толық ақпаратты білмейді, зейнетақы жүйесінің құрылымы қандай, ол қалай жұмыс істейді, осы жүйенің қатысушылары кімдер, осы жүйедегі мемлекеттің рөлі мен кепілдігі қандай, тіпті зейнетақы жарналары не үшін бөлінетіні туралы толық түсінік қалыптаспаған деген тұжырымға келдік. Кейбіреулер осы уақытқа дейін оларды салықтар деп қабылдайды. Ал бұл – әрбір салымшының белсенді еңбек қызметі аяқталғаннан кейін өз өмірін қамтамасыз ету үшін жинақталатын жеке қаражаты. Зейнетақы ақшасы қалай сақталып, қалай инвестицияланады деген сұрақтар көптеп түсіп жатыр (көбінесе осы сұрақтар қазір де келіп түсуде).

Зейнетақы жүйесі бойын­ша де­­ректерді толық түсін­бе­ген­дік­тен, көбінесе дұрыс қа­был­да­ма­ған­­дықтан сенімсіздік туын­дай­ды, ол зейнетақы жүйесіне қа­ты­судың тө­­мен дең­гей­де ынта­лан­ды­ры­луы­на алып келеді. Сон­дық­тан, біз халықпен ақ­параттық-тү­сін­ді­ру жұмысын кү­шей­туге, қор қыз­ме­тін­дегі барынша ай­қын­ды­лыққа ба­ғыт алдық.

Біз салымшылар мен алушыларға зейнетақы активтері жан-жақты бақылауда болатындығын және олардың сақталуына, қайталап айтамын, мемлекет кепілдік беретінін түсіндіреміз. Сондай-ақ, осы ақпа­рат­ты барлық салымшылар мен алу­шыларға дейін әрбір баспасөз-кон­ференцияларында, таныстыру­ларда, халықпен кездесулерде жеткізіп отырамыз.

Әрине, зейнетақы активтерін бас­қару процестері, зейнетақы ак­тив­терінің жай-күйі туралы есеп­т­і­ліктің форматтары бұдан әрі же­тіл­діріліп, дамып отырады.

Қордың ішкі жұмысына келсек, бө­ліктері бірін-бірі қайталайтын не­месе тиімсіз болған бизнес-про­цестерді жөнге келтіру ең ма­ңызды міндет болып табылады. Қазір процестердің көпшілігі жол­ға қойылды, бұл қордың штат кестесіндегі 290 бірлікті қысқартуға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта ұйымның ішкі бақылау, мәдени-тәуекел жүйелерін енгізу процесі де басталып кетті. Барлық бизнес-про­цестердің әрқайсысы өз рө­лін, мә­нін түсініп, ұғынып әрі бел­гі­лен­ген тәртіпке сәйкес өз функциялары мен міндеттерін нақты орындайтын жүйеге құрылуы өте маңызды.

Әрине, көптеген шешімдер, әсі­ресе қызметкерлерді қысқартуға қа­тысты шешімдер жан-жақты тал­қылаудан кейін және түрлі нұс­қаларды қарастырған соң қа­был­данып, іске асырылды. Ағым­дағы жыл­ғы 2 мамырдан бастап БЖЗҚ жа­ңа құрылымы бекітілді, бөлімше мамандарынан бастап басшыларға дей­інгі барлық деңгейлердегі қыз­мет­керлерге қойылатын білік­тілік та­лаптары арттырылды, мотивация және еңбекақы төлеу жүйелері оңтайландырылды.

– БЖЗҚ қызметіндегі ақ­па­рат­тық-түсіндіру жұмысы мен ай­қынд­ылық нақты түрде қалай кү­шейтілді?

– БЖЗҚ қызметінің айқын­ды­лы­ғы зейнетақы жүйесіне деген се­німнің негізі болып табылады. Ал сенім мен түсіністік, өз кезегінде, жүйе­ге қатысуға ынталандыру құ­р­алы болмақ. Ағымдағы жылғы ақпаннан бастап БЖЗҚ бастамасы бойынша қаржы сарапшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, салымшылар мен алушылар, журналистер белсенді мүшелері болып табылатын БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңес құрылып, жұмыс істеуде. Кеңес өзінің әрбір отырысында қордың, жалпы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қызметін жақсарту жөніндегі ұсыныстарды беріп, қызу талқылап отырады.

Сонымен қоса, «БЖЗҚ» АҚ Бас­қарма басшысының қоғамдық қа­был­дау бөлмесі мен ресми блог-платформасы сияқты жобалар іске асырылды. Төрағаның бло­гын іске қосқан сәттен бастап нау­рыздың соңына дейін 180-нен астам сұрақ келіп түсіп, оларға уақтылы жауап берілді. Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсынымдарын ескере отырып, оны барынша көрнекі ету мақсатында қордың сайтын жетілдіру бойынша жұмыс жүр­гізілуде: БЖЗҚ қызметінің көр­­сеткіштері, инвестициялық портфельдің құрылымы диаграммалар мен кестелер түрінде ұсынылды, зейнетақы калькуляторының интерфейсі жеңілдетілді. Қазіргі уақытта біз ағымдағы есептілік пен инвестициялық қызмет туралы ақпарат халық үшін түсінікті, сол сияқты сараптамалық қауым­дас­тықтың өкілдері үшін барынша толық әрі жан-жақты болуы үшін жұмыс істеудеміз. Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсынысы бойын­ша біз зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі туралы ақпаратты берудің жаңа нысанын әзірледік. Қазір ол тестілеуден өтуде және жуырда біздің сайтымызда портфельдің бағалы қағаздары жөніндегі ақпарат ың­ғай­лы форматта: елге тәуелділігі, эми­тенті, сатып алу күні, күтілетін кі­ріс­тілігі, өтеу күні және басқа ақ­па­рат ұсы­ны­латын болады. Жаңа сер­вистер – жаңалықтарға жазылу, мобильдік қосымшалардағы пуш-хабарлар енгізілді, қордың қыз­ме­ті мен қызметті дамыту және же­тілдіру үшін ақпаратты тоқсан сайын жинап әрі талдап отыратын сайттың қанағаттандыру деңгейі туралы қоғамдық пікірге сауалнама өткізілді. Қордың қызметтерін барлық өңірдің тұрғындары үшін барынша қолжетімді ету мақсатында филиалдық желіні оңтайландыру негізгі міндеті болып табылатын БЖЗҚ Корпоративтік стратегиясы, Қорды дамыту жос-парлары қайта қаралуда.

Салымшы үшін ең басты ақ­парат – бұл жеке зейнетақы шо­­тының жай-күйі туралы мә­лімет. Осы дерек­терді ба­рын­ша қолжетімді ету үшін қор зей­нет­ақы­ны алу үшін БЖЗҚ офи­сіне ба­ру қажеттілігі туындамай­тын қа­шық­тан көрсетілетін қыз­мет­терді дамытып жатыр. 2017 жылғы 1 мау­сымдағы жағдай бойынша шамамен 754,5 мың адам электрондық мекенжайына үзінді-көшірмелерді алады және шамамен 3,3 млн адам ақ­паратты сайт немесе «ENPF» мо­би­льдік қосымшасы арқылы алу мүм­кіндігіне ие болды. 2017 жылы ақпараттың электрондық нысанына кем дегенде 1,3 млн адамды көшіру қордың жоспарындағы жұмыс болып табылады.

2017 жылғы маусымда қор зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті беру, беруге немесе аударуға арналған өтініштердің мәртебесін бақылау және электрон­дық цифрлық қолтаңбаның кө­ме­гімен сайтта жеке кабинет арқылы БЖЗҚ офисіне бармастан, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу бойынша ЖЗШ ашуға өтініш беру сияқты қызметтерді іске асырды. Бұдан әрі осындай сервистерді электрондық үкімет порталы арқылы енгізу ұйғарылып отыр. Сонымен қоса, қордың сайты арқылы ЭЦҚ көмегімен салымшының негізгіге жатпайтын деректемелеріне өзгерістер енгізу сияқты қызметті енгізу жоспарланып отыр.

 Қордың жоспарлары көп, олар кезең-кезеңімен орындалатын болады. Әрине, болашақта жаңа мәселелер туындауы да мүмкін, өйткені зейнетақы жүйесі біздің экономикамыз сияқты тұрақты түрде дамып келеді. Біздің міндетіміз – салымшылардың зейнетке шыққанда қаржылық қорғалуын қамтамасыз ету үшін оларға жағдай жасау мақсатында осы дамуды эволюциялық, үдемелі әрі табысты ету.

Дайындаған

Михаил МАКСИМОВ