• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Театр 14 Шілде, 2017

Астанада ЭКСПО-2017 симфониялық рекорды орнатылады

158 рет
көрсетілді

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен есімі әлемге әйгілі дирижер Алан Бөрібаев бірегей жоба ұсынуда: австриялық композитор Густав Малердің әйгілі №8 Симфониясын ашық аспан астында алғаш орындау үшін 1200 музыкант қатыспақшы. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен есімі әлемге әйгілі дирижер Алан Бөрібаев бірегей жоба ұсынуда: австриялық композитор Густав Малердің әйгілі №8 Симфониясын ашық аспан астында алғаш орындау үшін 1200 музыкант қатыспақшы. Іс-шара «ЭКСПО-2017» мәдени бағдарламасының аясында 22 шілде күні Бейбітшілік және Келісім сарайы жанындағы алаңда өтеді, деп хабарлайды «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі.

Бірегей жобаның қоюшы дирижері - әлемде сұранысқа ие маэстролардың бірі, «Астана Опера» театрының бас дирижері Алан Бөрібаев болып табылады.

«№8 Симфония - ешбір адам мекен етпейтін елсіз аралға өзімен бірге жетелейтін шығармалардың бірі, сол жерде осы бір таңғажайып музыканы үнемі тыңдаумен болушы едім. Қызықты бір жайт: 1910 жылдың қыркүйегіндегі тұсаукесер кезінде Еуропада «ЭКСПО» көрмесі өтіп жатқан болатын. Дәл сол кезде орындаушылардың саны бойынша «Мың қатысушы симфониясы» деген атау алғаш рет пайдаланылған еді. Осындай аса ірі жобаны іске асыру - кез келген ұжым үшін күрделі сын. Бір үлкен хор мен оркестрге біріктіру үшін алдымен бір ұжымнан екіншісіне көшіп жүріп, өте көп дайындаламын.  Бірлік, бауырластық, жалпыға ортақ махаббат идеясы әр кезде де өзекті әрі осы ниеттің қозғаушы күші болды, оның үстіне бұл симфонияның басты ойы - біздің барлық ғалам махаббаттан жаралған деген пікірге саяды. Премьера шынымен де әлемде теңдесі жоқ бірегей оқиға болмақ», - деп атап өтті Алан Бөрібаев.

Концертке «Астана Опера» театрының жетекші солистері Салтанат Ахметова, Жұпар Ғабдуллина, Айгүл Ниязова, Нұрлан Бекмұхамбетов, Татьяна Вицинская, сонымен қатар Абай атындағы МАОБТ жетекші солистері Оксана Давыденко, Олег Татамиров, Таир Тажигулов қатысады.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, Густав Малердің ғаламат туындысын «Астана Операның» симфониялық оркестрі, хоры және балалар хоры, сондай-ақ атақты итальяндық Карло Феличе (Генуя қаласы) театрының, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының оркестрі мен хоры, Қазақстан Республикасы Мемлекетік академиялық симфониялық оркестрі мен «Солистер академиясы» Мемлекеттік камералық оркестрі орындайтын болады.

Оларға қазақстандық жетекші хор ұжымдары қосылады: Атап айтқанда, Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы, Оңтүстік Қазақстан облыстық опера және балет театрының хоры, Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының қазақ камералық хоры, Қазақ ұлттық өнер университетінің аралас хоры, ұлдар хоры, «Елігай» балалар хоры, А.Жұбанов атындағы республикалық дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыкалық қазақ орта мектеп-интернатының, К.Байсейітова атындағы республикалық дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатының, М.Төлебаев атындағы музыкалық №5 мектептің, П.Чайковский атындағы музыкалық колледждің балалар хоры және Астана, Алматы, Павлодар, Петропавл, Ақтөбе, Көкшетау, Семей, Орал қалаларынан келген басқа да құрамдар бар.