• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
08 Қазан, 2011

Техникалық қызметтер сапасы арта түспек

323 рет
көрсетілді

«Эйр Астана» ком­па­ния­сы жолаушыларға көр­се­тілетін қызмет сапасын арттыру бағытында бір­қа­тар шараларды жүзеге асы­рып, жаңа жобалар қата­рын молайтуда. Компания таяуда Орталық Азия мен ТМД аймағында халық­ара­лық деңгейдегі авиация­лық-техникалық орталы­ғы­ның құрылуындағы ма­ңыз­ды кезеңдерінің бірі – жөн­деу цехының тұсауын кесті. Әуе кемелерінің құры­лым­дық бөліктеріне, авиа­ция­лық дөңгелектерге, ба­тареяларға техникалық қыз­мет көрсету және басқа да жұмыстар бұл салада бірқатар тиімділікке қол жеткізбек. Ұшақтардың құ­рылымдық бөліктері мен конструкциялары бойынша жаңа жөндеу орталығының ашылуы келесі жылдан бас­тап өздерінің әуе кемелері паркіне қызмет көр­сетуде жылына бір миллион долларға жуық қаражат үнемдеуге ықпал етеді. Сонымен қатар, «Эйр Астана» республика аума­ғын­да өзге елдердің әуе тасы­мал­даушыларына да жоға­ры сапалы жөндеу қызме­тін көрсете алады. Ал, мұн­дай құқық халық­аралық сертификаттармен кепілдендірілген. Жаңа орталықтың ашы­луына арналған жиында сөз алған «Эйр Астана» АҚ президенті Питер Фостер, компанияның инже­нерлік-техникалық қызмет көрсету бойынша дирек­то­ры Тимур Якуповтың пікірінше, ұшақтарды жөндеу жоғары техникалық өндіріс болып есептелінгендіктен мұның өзі еліміздің авиа­циялық-техникалық қорын дамытуға игі ықпал етпек. Ұлттық әуе тасымал­дау­шы­лардың бұл жобасының басты ерекшелігі – Қазақ­станда осы уақытқа дейін қолға алынбаған «C-check» ұшақтарына күрделі әрі ауқымды жөндеу жұмыс­тарын жүргізуді өз күш­терімен атқаруға қолайлы жағдай туындауында бо­лып отыр. Ұшақтарды жөндеу жұ­­мыстары төрт ауы­сым­да жүргізіледі және тағы бір жағымды мәлімет «Эйр Астанада» жұмыс істейтін 500 маманның 98 пайызы – қазақстандық ма­мандар. Бүгінгі күннің өзекті та­лабы – ма­ман­дардың кәсі­би біліктілігі десек, кәсіп­орында бұл бағытта да бір­қатар іс-шаралар атқ­а­ры­луда. Мамандар өз білімдерін арт­тыру мақсатында Лондон қаласында жүйелі түрде еңбек өтілінен өтуде. «Эйр Астана» әуе компа­ниясындағы төрт бірдей инженердің халықаралық лицензияны иеленуі ізденіс пен іскерліктің жемісі екендігі анық. Бақыт БАЛҒАРИНА, Алматы.