Райымбек даңғылы бойымен Сүйінбай даңғылынан Пушкин көшесіндегі қиылысқан жол аумағында көліктің көп жүруі әрі жолаушыларды екі қатар бойымен отырғызу мен шығару салдарынан көлік кептелісі орын алып, жол көлік оқиғаларының болуына әкеліп соғуда, сондықтан орын алған келеңсіздіктерді жою үшін қоғамдық көлік пен жеке автокөлік жүргізушілеріне арналған көлік қозғалысының жаңа сызбасы енгізілетін болады.
Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауы бойынша, көлік қозғалысы Райымбек даңғылы бойынша шығыс бағыттағы бағдаршамнан жолайрығының тоннелді бөлігіне ауыстырылады.
Райымбек даңғылының оңтүстік бағытындағы Пушкин көшесінен Есенов көшесінің қиылысына дейінгі аумақта «қоғамдық көліктен» басқа тура жүретін барлық көліктердің қозғалысы жабылады. Бұлардан өзге, сызбаның өзгеруіне орай әрі сол жақ айналымға тыйым салынудың арқасында Сүйінбай даңғылынан Райымбек даңғылын, Райымбектен Сүйінбай даңғылын көрсететін бағдаршамның жұмысы да жеңілдейді.