(Сурет express-k.kz сайтынан алынды)
Мәселен, маусым айында қонақ үй, мейрамхана және өзге де тамақтану орындарынан 142,2 млн теңге жиналыпты.
«Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,6 есе немесе 89 млн теңгеге артық (2016 жылы маусымда 53,3 млн теңге салық алынған)», — дейді «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС директоры Санияр Әйтекенов.
Оның сөзін жалғастырсақ, көрме ашылғаннан кейін сауда, ойын-сауық орындарына келушілер 19 мыңнан 30 мыңға жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп деген сөз.
Қазіргі уақытта қалада 9 сауда, ойын-сауық орталығы бар. Базарлардағы сауда-саттық та екі есе ұлғайған. Мәселен, «Шарын» базарындағы сауда 30%-дан 60%, «Шапағат» сауда орталығындағы сауда 40%-дан 80% жеткен. Барлық базарлардағы тұтынушылар өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 2-2,5 есе көп.
Сәуір айынан бастап осы күнге дейін Астанада 26 өңірлік ауыл шаруашлығы жәрмеңкесі өтті. Онда 10,6 мың тонна азық-түлік сатылған. Оның 3,2 мың мың тоннасы жеміс-жидек.