• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
12 Қазан, 2011

Ел ерендігі Елордада еңселенді

311 рет
көрсетілді

Көк байрағымыздың ашық аспан астында ұлы даланың еркін самалымен асқақ желбірегеніне 20 жыл толды. Тәу­ел­сіздік атты тәтті сөздің санамызға сіңіп, көкірегімізді кернегеніне де осынша уақыт болды. Елбасы Нұрсұлтан На­зарбаевтың Жарлығымен 2011 жыл Тәуелсіздіктің 20 жыл­дығы деп жа­рия­­ланды. «Бейбітшілік пен жасампаз­­дық­тың 20 жылы» – біздің мерейтойымыздың ұраны осы деп атап көрсетті Мемлекет басшысы. Осы бүкілхалықтық ұлы мерекеге орай Жалпы­ұлт­тық жоспар бекітілгені де белгілі. Осы жоспар шеңберінде еліміздің бас қаласында барлық об­лыстардың мәдени күн­дерін өткізу жоспарланған болатын. Бұғанға дейін Астана қаласында Атырау, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының күндері өткендігін газетімізде молынан паш еткен едік. Бүгін міне, елордамызда Қарағанды, Маңғыстау және Солтүстік Қазақ­стан облысының күндері бастау алды. ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРАҒАНДЫНЫҢ ТАРТУЫ Қарағанды! Отандық индустрияның қа­рашаңырағы аталатын өндірісті өңір­дің биылғы жылы 8 айдың қоры­тын­дысы бойынша, өнер­кә­сіп өндірісінің көлемі 870 миллиард тең­геден асқан. Үдемелі индустриялық-инно­вациялық даму бағ­дар­ламасы бойынша жыл ба­сынан бері облыста жалпы құны 4 миллиард теңгеге жуық 9 жоба іске қо­сылып, жүздеген жаңа жұмыс орны ашыл­ды, жыл аяғына дейін тағы да жалпы құ­ны 42 миллиард теңге бола­тын 15 инвес­тициялық жоба іске қо­сыл­мақ. Ағымдағы жылдың 8 ай­ында негізгі қорға 129,2 миллиард теңге инвестиция құйылған. Өндірісті өңірде ауыл шаруашы­лы­ғын дамытуға да ерекше көңіл бө­лінеді. Өткен 8 айдың ішінде облыс бой­ынша барлық меншік түріндегі ша­руашылық­тар 66,8 мың тонна ет, 250 миллион дана жұмыртқа және басқа өнімдер өндірді. 8 айдың қорытын­дысы бойынша облыста тамақ өнеркә­сібінің нақты көлемі индексі 105,1 пайызды құрады. Қарағанды об­лы­сының ауыл ша­­­руашылығында қол жеткізген жетістіктері Астана қала­сын­дағы облыс күн­­­­­дері аясында өткі­зі­­ліп жатқан жәр­мең­кеде де кеңінен көрініс тапқан. О­б­лыс әкімі Серік Ахметовтың айт­у­ын­ша, қараған­ды­лық­тар бас қала­мыз­да өтіп жатқан жәрмеңкеге 1 мың тоннадан астам әр­түрлі азық-түлік тау­арларын әкеліпті. Астана қаласы әкім­дігінің ал­дындағы кең ал­­аң­ды Арқа­ның асқақ әні мен кү­йі­не бө­леген об­­лыстың ауылша­­­руа­шылық тауар өндіру­шіле­рі ар­­­на­­­йы тігілген 99 ша­тырдағы сауда сөре­­­леріне өз­де­рі әкел­ген өнім­дерін жай­­­ып са­лып­ты. Әкі­мнің мәлімдеуінше қа­ра­­ғандылықтар сау­­далап жатқан азық-түлік тауар­ла­ры­ның бағасы Аста­надағы базарлар баға­сы­нан 20-30 пай­ыз төмен. Мә­селен, жоғар­ғы сорт­ты ұнның 1 ки­лосы 65-70 теңге, жұ­мырт­қа 10 да­насы – 120 теңге, сүт – 60, сары май – 850, сиыр еті – 900, қой еті – 850, қы­рық­қабат – 25, сәбіз – 45 теңге­­­ден сатылуда. * * * АҚТОҒАЙЛЫҚТАР АСУЫ Сонау бір 90-шы жыл­дар­дың өтпелі кезеңінде ауданымызда мал басы селдіреп, өнім өндіру көлемі тұ­ра­лап қал­ғаны да жасырын емес. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың сара басшылығының арқасында Тәуел­сіз­ді­гіміздің 20 жылдығы аталып өтетін қа­зіргі кезеңде ауданымыздың әлеумет­тік-экономикалық жағдайы адам таны­мас­тай өзгерді десем, артық айтқандық емес. Бүгінде ауданымызда 16 мың жыл­қы, 40 мыңнан астам ірі қара, 200 мыңнан астам қой өсіріледі. Біз соңғы жылдары ауданымызда түйе шаруа­шылығын дамы­ту­ға бетбұрыс жаса­дық. Аудандағы «Бектай», «Оңбай» және басқа шаруа қожа­лықтарында 600-ден астам ойсылқара тұқымы өс­і­рілуде. Ақтоғай ауданы шек­ара­сының 116 шақырым аумағын Балқаш көлі шайып жатыр. Осыған байланысты біз балық шаруашылығын дамытуды да назардан тыс қалдырғанымыз жоқ. Шашубай кентінде қоныс кепкен «Балқаш балық» АҚ кең көлемдегі балық өнім­де­рін өндірумен айналысады. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық тор­қа­лы тойы қарсаңында Астанада өт­кі­зіліп жатқан облы­сымыз­­дың жәрмеңке­сіне ақ­­то­ғайлықтар өзде­рінің қомақты үлесін қосты. Ауда­нымыз­дың ауыл шаруа­шы­лық еңбеккерлері бұл жәр­меңкеге 3 тонна си­ыр етін, 3 тонна қой етін, 2 тонна жылқы етін, 3 тонна балық және бас­қа азық-тү­лік тау­ар­ларын әкел­ді. Мә­селен, «Бал­қаш балық» АҚ өзде­ріне бөлінген сауда сөре­лерінде бұқты­рыл­ған, тұздалған, кептірілген, филе сияқты 20 түрлі ба­лық өнім­дерін саудалауда. Со­нымен бірге ақтоғай­лық­тар 1,5 тонна сүт өнімдерін, 400 литр қы­мыз және 400 литр шұбат әкелді. Жәрмеңке аясын­да біз қайырым­ды­лық шараларын ұйымдас­тыруды да ұмыт­қа­нымыз жоқ. Арнайы ұйым­дас­тырылған бригада жәрмеңке өтіп жат­қан кезде жо­ғары сортты ұннан бау­ырсақ пісіріп, оны арнайы қапшық­тар­ға салып, аз қамта­масыз етілген аза­мат­тарға тарту етуде. Осы шара ая­сында біз 5 тонна ұннан пісірілген бау­ырсақты жұрт­шы­лыққа тарату­ды мақ­сат етіп отырмыз. Ғабдрахман ОМАРОВ, Ақтоғай ауданының әкімі.