• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Тамыз, 2017

Алда әлі аптап ыстық

150 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК 2017 жылғы 4 тамызда ауа райына байланысты ескерту жариялады.

5-8 тамызда күндіз Батыс Қазақстан, 6-8 тамызда Ақтөбе, 6 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде 40-42 °С ыстық болады деп күтілуде.

5-6 тамызда күндіз кей өңірлерде, 7-8 тамызда Атырау облысының басым бөлігінде 40-43 °С қатты ыстық болады.

Маңғыстау облысында 5-6 тамызда күндіз, 7-8 тамызда облыстың басым бөлігінде 43-45 °С ыстық болады деп күтілуде. 6-7 тамызда Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, 7-8 тамызда Павлодар облыстарында оңтүстік батыстан 15-20 м/с, кейбір аудандарда 23-28 м/с жел соғып, екпіні 30 м/с-қа жетеді.

7-8 тамызда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші оңтүстік батыстан 17-22 м/с жел соғып, екпіні 30 м/с және одан жоғары болады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар