• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
12 Қазан, 2011

Әлем саясаткерлерінің лебізі

346 рет
көрсетілді

Қазақстан Президентінің көреген саясаты болмағанда, бұл өңірдегі халық әлі күнге дейін сынақтардан зардап шегіп отыруы мүмкін еді. Сіздің Орталық Азияда яд­ролық қарудан азат аймақ құру бастамаңызбен Сол­түс­тік жарты шарда ондай аумақ тұңғыш рет құрыл­ға­нын зор ризашылықпен айта аламын. Пан Ги МУН, БҰҰ Бас хатшысы. * * * Құрметті Президент мырза! Сіздің басшылы­ғы­ңыз­бен Қазақстан жаппай қы­рып-жоятын қаруды таратпау ісінде әлемнің жетекші ел­дерінің біріне ай­нал­ды. Джордж Уокер БУШ, АҚШ-тың бұрынғы президенті. * * * Ядролық қарусыз ел мәр­тебесін таңдау – Қазақ­стан­­ның 90-шы жыл­дар­дың ба­сындағы әлемдік қауіп­­сіз­дік жүйесіндегі ауыт­қу­шы­лық­тың қатерлі зар­дап­та­рын аң­ғара білуінің нә­ти­жесі. Қазақстан халықаралық қоғамдастыққа өзінің сырт­­қы саясатының ашық­ты­ғын, өзі­нің зорлық-зом­бы­лық пен со­ғыс қатерінен ада дүниеге адалдығын паш етті, сөйтіп, Қазақ­стан­ның ЮНЕСКО идея­­ларына адал­дығын тағы да дә­лелдеп берді. Ядролық қарудың күллі тақсыретін өзінің қайғылы тәжірибесі арқылы та­нып-білген елдің өкілі ретінде мен Қазақстанның бейбітшіл жа­һатшылық­та­рын жа­­ныма жа­қын қабыл­дай­мын, ал Бас директор ретінде Қа­зақстан Президенті Н.­Ә.На­­зар­баев­тың яд­ро­лық қару қор­ларын жою­ға бағыт­тал­ған күш-жі­герін барынша құптаймын. Коитиро МАЦУМА, ЮНЕСКО-ның Бас директоры. * * * Құрметті Президент мырза! Мен Сізбен 1992 жылы Алматыдағы кездесуімді және Сіздің Ядролық қа­руды таратпау жөніндегі шарт­қа қо­сылу жөнінде қа­былдаған батыл шеші­мі­ңізді ешқашан ұмытпақ емес­пін. АҚШ пен Қазақстанның «Нанн-Лугар бағдарла­ма­сы» бойынша жүзеге асы­рыл­ған жаппай қырып-жоя­тын қа­ру­дың инфра­құ­ры­лы­мын бөл­шек­теу сала­сын­дағы тығыз ынты­мақ­тас­ты­ғы біздің елдеріміз ара­сындағы ізгі қа­ты­нас­тар­ды дамыту үшін құ­нар­лы негіз болып қалады. Бұл қа­­ты­настарымыз уа­қыт сы­ны­­нан мүдірмей өт­ті, әрі жемісті болды, сөй­тіп АҚШ пен Қазақстан өз ынты­мақ­тас­ты­ғын кеңей­тіп, ны­ғай­та түсті. Біздің ядролық қаруды таратпау мен терроризмге қарсы күрес саласында қол жеткен ілгерілеуіміздің ең таяу уақытта басқа да са­лаларға таралаты­ны­на үміт­­ті­мін. Ричард ЛУГАР, АҚШ сенаторы. * * * Президент Н.­На­зар­баев­қа, сенаторлар Р.Лугар мен С.Наннға Нобель бейбітшілік сыйлығы берілсе, олардың тарихи үлесін адамзаттың лайықты бағалағаны болар еді. Мұндай жоғары бағаның ядролық қатерді азайтып, жа­һандық қауіпсіздікті ны­ғай­татынына менің сенімім мол. Энтони ФАЛЕОМАВАЕГА, АҚШ Конгресі өкілдер палатасының мүшесі. * * * Қазақстан және Н.На­зар­баевтың жеке өзі бейбітшілікті нығайтуға елеулі үлес қосты. Қазақстанның өнегесі бой­ынша бірнеше мемлекет ядролық қарудан өз еріктерімен бас тартты. Менің ой­ым­ша, әлем Қазақстанға рахмет айтуы керек. Джек СТРО, Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі. * * * Ядролық жарылыстар­дың қандай зардаптарға соқ­ты­ратыны жайында пайым­дай отырып, Н.Назарбаев бұ­рынғы КСРО елдері прези­денттерінің ішінде ядролық қаруды жойып, Орталық Азия өңірінде ядролық қарусыз ай­мақ құруға шақырған бірінші адам болды. Теориялық тұр­ғыдан келгенде, Қазақстан яд­ролық астам держава­лар­дың біріне айнала алар еді. Егер ол кезінде КСРО ыды­ра­ғаннан кейін өз аумағында қал­ған 1400-ден астам ядро­лық оқтұмсықтарды бақы­лау­ға алғанда, оның қа­рау­ын­да сан жағынан Ұлыбри­та­ния­ны, Франция мен Қы­тай­ды қоса алғандағыдан асып тү­сетін қару-жарақ қоры болған болар еді. Оқтұ­м­сық­тардың көпшілігі АҚШ-қа кезелген зымырандарға орна­тыл­ған-тын. Қазақстан болса, өзінің аумағындағы ядро­лық қаруды өз еркімен Ресейге беріп, Ядролық қаруды тартпау туралы шартқа қол қойды, сөйтіп, ядролық қарусыз мемлекетке айналды. Грэм АЛЛИСОН, Гарвард университеті мемлекеттік басқару мектебі орталығының директоры, профессор. * * * Әлем ядролық терроризм мен ядролық қаруды таратпау жөніндегі тағы бір қа­тер­ден арылды. Мен Президент Н.Назарбаевтың осы істегі көшбасшылығын баға­лаймын. Билл КЛИНТОН, АҚШ-тың бұрынғы президенті. * * * Президент Назарбаев пен оның мұраттастары қиын жағдайда, кеңестен кейінгі күллі кеңістіктегі аса ірі бет­бұрыс оқиғалардың тұ­сын­да ядролық қарудан бас тарту мен Қазақстанды яд­ро­лық қарусыз елге ай­нал­дыру жөнінде шешім қабыл­дауға тәуекел етті. Сол үшін Қазақстан басшылығы сынға да ұрынды, ұғынбаушылыққа да ұшырады. Соған қара­мас­тан, Президент Н.Назарбаев халқының ерік-жігеріне сүйеніп, ядролық қарусыз­да­ну мен оны таратпау тәр­тібін нығайту саясатына, әлемнің қауіпсіздігіне қосыл­ған шын мәніндегі өлшеусіз үлес ретінде бағалауға бо­латын байсалды қадам жа­сады. Ол өзінің іс-қимылы арқы­лы басқа басшыларға халық­ара­лық қауіпсіздікке қатыс­ты ірі проблемаларды шешуге барынша жауапкершілік пен батылдық тұрғысынан келудің өнегесін көрсетті. М. ГОРБАЧЕВ, КСРО-ның бұрынғы президенті.