Қызық көп өмірінде қойлы ауылдың, Өрісте қозы-лағын жайған ұлдың. Шілдеде қой қырқымы келген кезде Қайшымды ап ұлан-асыр тойға кірдім.
Биязы қойдың жібек жүні қандай, Момақан маңыраған үні қандай! Шешініп сеңсең тонын шыға келген Қойымның пәк періште түрі қандай!..
Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»