• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Үкімет 08 Тамыз, 2017

Биыл Үкімет қолдауымен 53,5 мыңнан астам ӨҚШ қамтыған 517 кооператив құрылды

233 рет
көрсетілді

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғановтың өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту барысы туралы есебі тыңдалды.

Қайрат Айтуғанов биыл Бағдарламаны іске асыруға төмендегі қаражаттардың қарастырылғанын айтты:

27,1 млрд теңге – шағын несиелендіруге бюджеттік несие;

2,8 млрд теңге – шағын несиелерді кепілдендіру;

418 млн теңге – ХҚҰ операциялық шығындарын субсидиялау.

Бұдан өзге, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ жарғылық капиталы ауыл шаруашылығы кооперацияларын шағын несиелендіру үшін 25,4 млрд теңгеге толықтырылды.

2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Бағдарлама бойынша қарастырылған 27,1 млрд теңгенің 11,7 млрд теңгесі (43%) игерілді. 2 602 шағын несие берілді, соның ішінде 1 213 шағын несие кооперативтерге сүт дайындауға және отбасылық СТФ ашуға 5,1 млрд теңге сомасында; 647 шағын несие кооперативтерге мал бордақылау алаңдарын құруға 1,8 млрд теңге сомасында; 742 шағын несие өзге бағыттар бойынша 4,8 млрд теңге сомасында берілді.  

Осы шаралардың арқасында 6 384 жұмыс орны ашылды, 4 083 жаңа ЖК тіркелді, 4 254 стартап жоба қаржыландырылды.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының жарғылық капиталын толықтыруға бөлінген қаражаттар есебінен 3 704 шағын несие берілді, соның ішінде 1 454 шағын несие кооперативтерге сүт дайындауға және отбасылық СТФ ашуға 4,6 млрд теңге сомасында; 2 171 шағын несие кооперативтерге ет өндіруге және дайындауға, бордақылау алаңдарын құруға 6,5 млрд теңге сомасында; 79 шағын несие кооперативтерге жеміс-көкөніс өсіруге және бал, құс етін және ешкі сүтін өндіруге 3,1 млрд теңге сомасында берілді. Игеру көлемі 14,1 млрд теңгені немесе 56%-ды құрайды.

Жалпы, жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында 53,5 мыңнан астам ӨҚШ қамтыған 517 кооператив құрылды, солардың ішінде 173 кооператив сүт дайындау, 281 кооператив ет өндіріп, дайындау бойынша, 41-і жеміс-көкөніс өсіру, 22-сі жүн, шұбат өндіру, құс етін, бал өндіру, бақ шаруашылығы мен тауарлы балық шаруашылығы бойынша құрылды, сонымен қатар 30 573 ірі қара малға арналған 1 835 отбасылық бордақылау алаңы ашылды.