Cауд Арабиясының корольдік сарайы ханзада Сальман бен Абдаллах бен Турки Әл Саудтың қайтыс болғанын жария етті, деп хабарлайды РИА Новости агенттігі.
«Ханзада Сальман бен Абдаллах бен Турки Әл Сауд о дүниеге аттанды», делінген ресми агенттіктің хабарламасында.
Eremnews агенттігі ханзаданың туыстарына сілтеме жасай отырып, ханзада 26 жаста болғанын, жүрек талмасы ұстап қалғанын хабарлады.