• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Тамыз, 2017

Астана әуежайының жазбасы «Nursultan Nazarbayev International Airport» болып өзгерді

233 рет
көрсетілді

Елорда әуежайының ғимаратына Nursultan Nazarbayev International Airport жазуын іліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жазба ұшу-қону жолағы жақ бетіне орнатылған. Сонымен қатар дәл осындай жазба терминалға кірер бетінде де орнатылатын болады. Айта кетерлігі, жазба қазақ және ағылшын тілдерінде жазылады.

Естеріңізге сала кетсек, Астананың халықаралық әуежайының атауы осыдан біраз уақыт бұрын «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» болып өзгерген еді. Сәл кейінірек Елбасы «Россия 24» телеарнасының тілшісіне берген сұхбатында Президенттің құрметіне Астана әуежайының атауын өзгерту бастамасына қатысты пікір білдірді.

- Бұл менің бастамам емес. Мен ылғи да мұндай бастамаларға қарсы болып келдім. Бірақ бұндай ұсыныс қайта-қайта алдымнан шыға береді. Соған қарағанда, адамдар атқарылған жұмысты көріп, соған ризашылығы мен алғысын білдіргісі келетін секілді, - деді Президент Нұрсұлтан Назарбаев.

Іргетасы сонау 1937 жылы қаланған Қазақстан астанасының әуежайы 86 жылдың ішінде ең шағын ұшақтардан бастап, кез келген ауа райына қарамастан әуе кемесінің кез келген түріне қызмет көрсете алатын алып нысанға айналды.